"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жалған ақпарат тарату фактілері туралы хабарлайды
Call-center +7 (7172) 79-63-63

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жалған ақпарат тарату фактілері туралы хабарлайды

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жалған ақпарат тарату фактілері туралы хабарлайды

24.07.2024

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ әлеуметтік желілерде және интернетте жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының пилоттық жобасын іске қосуға қатысты жалған ақпаратты тарату фактілері туралы хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдаудың болжамды басталуы және https://autoneseie.kz//1cb/ сайтында несие берудің жеңілдікті шарттарын алу мүмкіндігі туралы барлық хабарламалар жалған және шындыққа жанаспайды.

Естеріңізге сала кетейік, Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдікті автонесиелеу бағдарламасын жүзеге асырмайды. 2023 жылдың маусымында Қор бағдарлама қаражатын жолаушылар автобустарын лизингтік қаржыландыруға қайта бөлу туралы жариялады.

Сондай-ақ, таратылған хабарламаларда аталған тұлға Әлібек Ахметов "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қызметкері болып табылмайтынын, телефон нөмірі мен веб-сайты да жалған болып табылатынын атап өтеміз.

Біз барлық мүдделі тұлғаларды тек ресми ақпарат көздеріне – https://idfrk.kz/kz/ "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ ресми сайтына және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарға жүгінуге шақырамыз. Қаржыландыру бағдарламалары және Қордың қызметі туралы кез келген ақпарат тек осы платформаларда жарияланады, содан кейін БАҚ арқылы таратылады.

БАҚ-та жалған ақпарат тарату заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін еске саламыз.

Қаскүнемдерді жауапкершілікке тарту мақсатында Қор тиісті мемлекеттік құрылымдарға өтініш жасауға бастамашылық жасады.