«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау платформасын іске қосады
Call-center +7 (7172) 79-63-63

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау платформасын іске қосады

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау платформасын іске қосады

01.02.2023

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ («Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы) ағымдағы жылдың 6 ақпанда Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау үшін пилоттық платформаны іске қосады.

 Өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де www.autonesie.kz ресми сайтында іске қосылады. Өтінім беру үшін өтініш берушінің қол астында компьютері, электрондық-цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ), интернеті болуы қажет, сондай-ақ автоөндірушілерді алдын ала таңдауы шарт. Платформада тек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуге болады.

 Сайтта өтінім берген кезде өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы қалыптасады. Өтініш беруші міндетті түрде тек телефон нөмірін енгізіп, автоөндірушіні таңдап, өтінімге қол қоюы керек. Өтінімнің тіркелу барысын Өтініш беруші сайттағы «Жеке кабинет» арқылы тексере алады.

 Айта кету керек, платформа Бағдарламаға қатысушылардың пулын қалыптастырады, Дилерлік орталықтарда автокөлікті және Бағдарламаға қатысушы банктерде кредитті беру кезектілігін анықтамайды. Өтінімді бергеннен кейін автоөндірушіні өзгерту мүмкін емес.

 Естеріңізге сала кетейік, Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 2022 жылдың мамыр айында бастау алды. Оны іске асыру үшін екінші деңгейдегі банктерге («Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Еуразиялық Банк» АҚ) 100 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 12,6 мыңнан астам автомобиль сатып алынды. Автокредиттің орташа мөлшері 7,8 млн теңгені құрады.

 Бүгінгі таңда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ желісі бойынша қолданыстағы автокредиттерді өтеуден жинақталған қаражат көлемі 7,6 млрд теңгені құрайды. Осы деректерді ескере отырып, пилоттық платформаның алғашқы іске қосылу барысында 761 өтініш берушіге дейін тіркеле алады. Өтініш берушілердің осы санына жеткен кезде платформада өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тоқтатылады, ал «Өтінім беру» функциясы белсенді болмайды.

 Кейіннен платформада өтінімдерді қабылдау ай сайын жүргізіледі және 100-ден астам өтініш берушіні тіркеуге мүмкіндік береді.

Өтінім берушінің өтінімі келесі жағдайда қабылданбауы мүмкін:

1.       Бұған дейін Бағдарлама аясында автонесие алған болса;

3.       Платформада өзекті өтінімі болса.

 

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау платформасы өтінім берушілер мен автоөндірушілерге, сондай-ақ Бағдарламаға қатысушы банктерге өтінімнің мәртебесін өтінім берілген сәттен бастап автомобиль берілгенге дейін онлайн нұсқада қадағалауға, сондай-ақ Бағдарламаны іске асырудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының шарттары өзгеріссіз қалады:

·       1 автомобильдің құны – 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайды;

·       қаржыландыру сомасы – 10 000 000 (он миллион) теңгеден артық емес;

·       қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан аспайды;

·       бастапқы жарна – 0% бастап;

·       кредит беру валютасы – теңге;

·       сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4%, бұл ретте жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі түпкілікті қарыз алушының автокөлікті сақтандыру және ресімдеу (оның ішінде кепілге қою) бойынша шығындарын ескере отырып, жылдық 7,5%-дан аспауы тиіс;

·       түпкілікті қарыз алушылар сақтандыру және отандық өндірістің жеңіл автокөлігін кепілге ресімдеу бойынша шығыстарды төлейді.

Бағдарламаға қатысатын автоөндірушілердің тізбесі:

·       «САРЫАРҚААВТОПРОМ» ЖШС;

·       «HYUNDAI TRANS KAZAKHSTAN» ЖШС.