«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жыл қорытындысын шығарды: 2024 жылы ел экономикасына 650 млрд теңгеден астам инвестиция құйылды
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жыл қорытындысын шығарды: 2024 жылы ел экономикасына 650 млрд теңгеден астам инвестиция құйылды

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жыл қорытындысын шығарды: 2024 жылы ел экономикасына 650 млрд теңгеден астам инвестиция құйылды

18.12.2024

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіретін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ отандық өндірушілерге тұрақты түрде қаржылық қолдау көрсетіп келеді. Қор жыл сайын елдің өңдеуші және инфрақұрылымдық салаларында жаңа кәсіпорындар құруға және жұмыс істеп тұрған өндірістерді кешенді жаңғыртуға жүйелі түрде жәрдемдеседі. Бұл ретте Қор қызметінің нәтижелері қаржылық тұрақтылықты көрсетіп қана қоймай, қазақстандық кәсіпорындарға жоғары технологиялық жабдықтарды жеткізуден бастап, күн сайын жүздеген мың азаматымызды тасымалдайтын жаңа экологиялық таза қоғамдық көлікті іске қосуға дейінгі мемлекеттік қолдау шараларын кеңінен қамтиды.

Айта кету керек, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ корпоративтік саясатының негізгі тұғырнамасы – жаңа жұмыс орындарын құруды, еңбек жағдайларын жақсартуды және экологиялық таза маршруттық автобустарды пайдалануды ескере отырып, ел экономикасына мультипликативтік әрі ұзақ мерзімді әсер ететін, сондай-ақ қазақстандықтардың әл-ауқатына оң ықпал ететін әлеуметтік бағыттағы жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

Қор 2023-2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамыту тұжырымдамасының операторы болып табылады. Оның шеңберінде жеңіл өнеркәсіп жобалары үшін 3%-дан 9%-ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша қаржыландыру жүзеге асырылады.


«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Ринат Гаппаровтың айтуынша, ағымдағы жылы даму қаржы институты екі жүзден астам отандық кәсіпорынға қаржылық қолдау көрсеткен.

Ресми статистика тілінде айтқанда, Қордың ел экономикасына тартқан инвестициясы 2024 жылдың басынан бері 650 млрд теңгеден асты. Аталған сомаға республиканың өңдеуші және инфрақұрылымдық салаларындағы 220 жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ шамамен 224 млрд теңге сомаға өңдеу өнеркәсібінің 24 жобасын пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Бұл жобалар 4,6 мыңнан астам жұмыс орнын құру және сақтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қаржы институты қоржынының көлемі 1,8 трлн теңгеге жетті, оның негізгі бөлігін шағын және орта бизнес жобалары құрайды, - деп атап өтті «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Ринат Гаппаров.


Қордың назары қолдауға объективті қажеттілігі бар қазақстандық өндірушілерге аударылғанын атап өту қажет. Лизинг алушылар пулы кең: бұл тігін өнімдерін, тұрмыстық техниканы, құрылыс материалдарын, азық-түлік өнімдерін, қазақстандық брендтерді дамытуға және импортты біртіндеп алмастыруға ықпал ететін өзге де тауарларды өндіретін отандық кәсіпорындар.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, ел Президенті аэрохабтарды және авиатехника паркін дамыту қажеттігіне назар аударды. Осыған орай, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ 2025 жылы әуе кемелерін жаңарту үшін шағын авиацияны лизингтік қаржыландыруды жоспарлап отыр.

Өнеркәсіпті дамыту қоры осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Ағымдағы жылы Қор қаржылай қолдауымен республиканың Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) мұқтаждықтары үшін шағын авиацияның 4 ұшағы сатып алынды. Елдің көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту үшін Қор құралдары арқылы 2024 жылы 157 жолаушылар вагоны мен 2000 жүк вагоны, сондай-ақ электр пойызы сатып алынды. Өртке қарсы қызметтер мен құқық қорғау органдары 678 арнайы көлік, ал медициналық мекемелер 250 санитарлық автокөлік алды, қоғамдық көліктің 1059 автобусы жаңартылды, - деп мәлімдеді Өнеркәсіпті дамыту қорының басшысы Ринат Гаппаров.


2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы шеңберінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен және «Жасыл даму» АҚ-мен бірлесіп экологиялық теңгерімді нығайтуға бағытталған қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаны іске асыруды бастады.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның негізгі басымдығы елдегі өнеркәсіптік және өңдеуші секторларды жүйелі қолдауға бағытталған барлық қызметтің жариялылығы мен барынша ашықтығы болып табылады.

Осыған байланысты, бизнес-процестерді оңтайландыру және өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту үшін онлайн форматта өтінімдер мен шарттарды беру үшін «Жеке кабинет» жүйесі әзірленіп, енгізілді. Бұл рәсім өтінім беруді жеңілдетеді, мерзімін қысқартады, өйткені өтінім берушінің жеке қатысуы талап етілмейді, өтінімге ЭЦҚ кілтімен қол қойылады.


Бұдан басқа, әлеуетті өтініш берушілерді кеңінен қамту мақсатында Атырау, Шымкент, Павлодар, Қостанай, Ақтау қалаларында қаржы институтының қарауы үшін қажетті құжаттар пакетін қалыптастыру кезінде жан-жақты қолдау көрсететін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ тұрақты өкілдері орналастырылды.

Анықтама үшін: 2024 жылғы 2 қазанда Sustainable Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ға ESG рейтингін 63 жалпы балмен «2» деңгейінде тағайындады. Айта кетейік, бұл квазимемлекеттік сектор компаниялары мен құрылымдары арасындағы ең жоғары бағалардың бірі. Бұдан басқа, ағымдағы жылы Moody's халықаралық агенттігі Қордың кредиттік рейтингін «Bа1»-ден «Bаа3»-ке дейін ұлғайтты, болжам «оң». Жетекші рейтингтік агенттіктердің жоғары бағалары «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ мақсатты түрде жүргізетін прогрессивті экологиялық және әлеуметтік саясатқа негізделген.