2023 жылғы 22 ақпанға Жеңілдікті автокредит беру бағдарламасының аралық қорытындылары туралы
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

2023 жылғы 22 ақпанға Жеңілдікті автокредит беру бағдарламасының аралық қорытындылары туралы

2023 жылғы 22 ақпанға Жеңілдікті автокредит беру бағдарламасының аралық қорытындылары туралы

23.02.2023

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) 2023 жылғы 22 ақпандағы жағдай бойынша Жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасы жұмысының аралық қорытындылары туралы хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда autonesie.kz порталында 7,61 млрд теңге мөлшеріндегі револьверлік қаражатқа жеңілдікті автокредит ала алатын Бағдарламаға қатысушылар пулының алғашқы орындары бөлінді.

2023 жылғы 22 ақпандағы жағдай бойынша Бағдарламаға қатысушы банктер пулға қатысушылардың 5,171 млрд теңге сомаға 569 өтінімін мақұлдады (олардың жалпы саны 761 адам).

Оның ішінде 195 қатысушыға 1,696 млрд теңге сомаға автомобильдер берілді. Қарыздың орташа мөлшері 8,7 млн теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, өтінімнің қолданыс мерзімі – 60 күн. Осы мерзімде пул қатысушылары жеңілдетілген автокредитті рәсімдеуі тиіс. Мерзім аяқталғаннан кейін пайдаланылмаған қаражат Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың санын ұлғайту үшін келесі пулды қалыптастыруға бағытталатын болады.

Бағдарлама бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, азаматтар Call-орталықтың 8 (7172) 79 64 40 телефонына хабарласа алады.

Жаңа пулдың құрылған күні, қаржыландыру көлемі алдын ала жеке хабарламамен хабарланатын болады, сондай-ақ Қордың сайтында және әлеуметтік желілердің ресми парақшаларында жарияланады.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Баспасөз қызметі

тел: +7 (7172) 79-63-69

e-mail: pr@idfrk.kz