Жоба Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында Қазақстан «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-тың қатысуымен іске асырылды.
Жылына 5 млн шаршы метр өнім қуаты бар кәсіпорында керамика өнеркәсібі үшін үздік технологияларды өндіру және жеткізу саласындағы дүние жүзілік көшбасшы SACMI IMOLA S.C. (Италия) компаниясының жабдығы орнатылған.
Қазіргі сәтте өндірістің бірінші сатысы іске қосылды, өнімді өткізу басталды. Зауытта 164 адам жұмыс істейді. Келесі жылдың наурыз айында екінші сатыны іске асыру арқылы зауыт толыққанды жұмыс істеп, қызметкерлер саны 220 адамға көбейеді.
Ақтөбе өңірінің географиялық тұрғыдан қолайлы орналасуының және логистикалық бағыттардың жөнге салынған жұмысының арқасында жобаны іске асыру 50%-ға дейінгі өнімді шетел нарығына экспорттауға, атап айтқанда Ресей Федерациясын басты бағыт ретінде ұстануға, бюджетке түсетін түсімнің артуына, Қазақстанның мөлшерінің 80%-ға дейінгі үлесімін импортты алмастыруға мүмкіндік береді.
Ақтөбе облысында керамогранит өндіретін зауыт іске қосылды.
- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Жаңалықтар
Ақтөбе облысында керамогранит өндіретін зауыт іске қосылды.
06.12.2021