Арнайы жоба: Өнеркәсіпті дамыту қоры балмұздақ пен мұздатылған жартылай фабрикаттар өндірісін қолдады
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

Арнайы жоба: Өнеркәсіпті дамыту қоры балмұздақ пен мұздатылған жартылай фабрикаттар өндірісін қолдады

Арнайы жоба: Өнеркәсіпті дамыту қоры балмұздақ пен мұздатылған жартылай фабрикаттар өндірісін қолдады

05.04.2024

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қолдауымен Алматы облысының Байсерке ауылында "Шин-Лайн" зауытында өндірісті жаңғырту және кеңейту жобасы іске асырылды.

Балмұздақ шығаратын "Шин-Лайн" фабрикасы 2004 жылы іске қосылды. Бүгінгі таңда ол бірнеше үлкен жаңғыртудан өтті және де 33 Га өнеркәсіптік кластерге дейін өсті. (зауыт ауданы - 33 Га)

Жаңа зауыт балмұздақ, мұздатылған жартылай фабрикаттар мен әртүрлі тамақтану өнімдерді шығаратын фабрикалардан тұрады. 


Жоба шеңберінде Өнеркәсіпті дамыту қорының инвестициялары қуаттылығы жылына 66 мың тонна балмұздақ өндіретін жоғары технологиялық және инновациялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған. 

"Шин-Лайн" зауыты халықаралық стандарттағы өнімдердің 140-тан астам түрін шығарады, Еуразиялық экономикалық одақтағы ең ірі 10 балмұздақ өндірушілердің қатарына кіреді, сонымен қатар Қазақстандағы балмұздақ өндірісі бойынша көшбасшы болып табылады.


Зауыт өнімдері Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Моңғолияға, Беларуссияға, Әзірбайжанға экспортталады. Ал болашақта зауыт БАӘ нарығына шығуды жоспарлап отыр.

Өндірістің жаңа технологияларын жаңғырту және енгізу "Шин-Лайн" зауытына 2027 жылға қарай тәулігіне 350 тонна өнім шығаруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ 2500-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 

Өнеркәсіпті дамыту қоры елдің өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосқанымен, ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал ететін өнімдерді шығаратын отандық кәсіпорындарға қолдау көрсетеді.

Экономика саласындағы ауқымды жоспарларды іске асыру өңірлерде өнеркәсіпті дамытусыз мүмкін емес. Сондықтан Қор өңірлік кәсіпорындармен серіктестікте өндіріс қарқынын арттыруға, бәсекеге қабілетті технологияларды құруға және импортты алмастыру процестерін жолға қоюға мүмкіндік беретін міндеттерді жедел шешеді.