Астанадағы балабақшада «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қызметкерлері көшет отырғызды
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

Астанадағы балабақшада «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қызметкерлері көшет отырғызды

chat-bgov

Кеңес ал!

Астанадағы балабақшада «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қызметкерлері көшет отырғызды

05.05.2025


2025 жылдың 4 мамырында, жексенбі күні, республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қызметкерлері Астанадағы №96 арнайы «Аяла» балабақшасының аумағына қарағай көшеттерін отырғызды.


Қор ұжымы шараға үлкен ынтамен қатысып, жас ағаштарды өз қолдарымен отырғызды. Айта кетерлігі, көшеттер қызметкерлердің жеке қаражатына сатып алынды.


– Әрбір астаналық өз қаласын көгалдандыруға үлес қосуы тиіс деп есептеймін. Қордағы әріптестер бұл бастаманы қуана қолдап, бір кісідей жұмылды. Балаларға қуаныш сыйлау — біздің ортақ мақсатымыз. Мұндай игі істерге алда да белсенді қатысуға дайынбыз, – деді Қордың персоналды басқару басқармасының басшысы Гүлнара Балгереева.


Осылайша, Қор қызметкерлері тек күнделікті жұмыста ғана емес, жұмыс уақытынан тыс уақытта да ұйымшылдық пен командалық рухты тағы бір мәрте көрсетті.


Айта кету керек, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қызметкерлері тұрақты түрде сенбіліктерге қатысып, азаматтық белсенділік пен экологиялық сана-сезімді танытып келеді.


Сонымен қатар, мұндай шаралар Қордың негізгі басымдықтарының бірі – экологиялық және әлеуметтік әсерге негізделген ESG күн тәртібіне де толық сәйкес келеді.