2024 жылдың 27 желтоқсанында Астана қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылай қолдауымен Қазақстанда өндірілген 10 Hyundai Staria маркалы санитарлық автокөлікті қабылдап алды. Жалпы, осы медициналық мекемеге 35 арнайы техника берілетін болады.
ЖМЖС көліктерінің автопаркін жаңарту медициналық қызметтердің сапасын арттырып, пациенттерді тасымалдау кезінде қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етеді.
Бұл жедел жәрдем көліктері медициналық бригадаларға да ерекше қолайлылық жасайды. Техниканың басты артықшылықтары - жоғары технологиялық мүмкіндіктері мен астананың қатал ауа райына төзімділігі.
Заманауи жедел жәрдем көліктері медицина қызметкерлерінің науқастарға жылдам жетуіне мүмкіндік береді.
Жалпы, 2024 жылы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылай қолдауымен еліміздегі медициналық мекемелер 250 жедел жәрдем көлігін алды.