Автопарк қоры екі жүз данадан астам автомобиль құралдарымен толықтырылады
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Автопарк қоры екі жүз данадан астам автомобиль құралдарымен толықтырылады

Автопарк қоры екі жүз данадан астам автомобиль құралдарымен толықтырылады

22.07.2021

«Өндірісті дамыту қоры» АҚ-ның қолдауымен «Қазпошта» отандық өндірістен шыққан 200 данадан астам автомобильді лизингке алады.
 
Бүгін Қостанай қаласында пошта операторына машиналардың алғашқы топтамасының кілті табыс етілді. 83 дана су жаңа көлік аудан орталықтары мен ауыл тұрғындарына арналған хат-хабарларламалар, сауқаттамалар мен сәлемдемелерді тәкелей өз межесіне жеткізу үшін конвейерден шыға салысымен тура Қазпоштаның аймақтық бөлімшелеріне аттанады.
 
Компанияның автопаркі 200-ден астам жаңа автокөлікпен қамтамасыз етіліп,  модификациясы мен жүк көтергіштігі әртүрлі көлік құралдарымен толықтырылады: олар - жүк көтергіштігі 500 кг-нан 8 тоннаға дейін жететін тұтас металл және өндірістік тауарларға арналған фургондар, Қазақстанда құрастырылған бронды және жеңіл автомобильдер.
 
Қазақстанның кәсіпкерлік саласы біраз жылдар бойы ықшам да әрі қуатты көлік құралдарына мұқтаж болатын. Әсіресе пандемия кезіндегі пошта байланысының жұмысын тиімді де ұтымды ұйымдастырудың маңыздылығына байланысты, отандық өндірістің автомобильдері бұл салада да сенімді көмекшілерге айналмақ.