«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Қазақстанның машина жасаушыларының ХІ Форумына қатысты.
Биылғы форумның негізгі тақырыбы – «Машина жасау –жаңа технологиялар мен инновацияларды дамыту драйвері». Форумға жыл сайын әлемнің 20 елінен 1200 ден астам делегат қатысады.
Қор форум аясында «Машина жасау саласын дамытудың Кешенді жоспарының жобасын қолдаудың жүйелі шараларын талқылау», «Жаңа жағдайларда машина жасау саласының жобаларын қаржыландыру», сондай-ақ «ҚР-да автомобиль жасауды дамыту» панельдік сессияларына қатысты. Сессияларда спикерлер ретінде А.С. Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі, Е. Е. Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі, И.Е. Оспанов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі, Р.Э. Гаппаров, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Ж.Ш. Ибрашев, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, К.Б. Нұрпейісов, «Инкар-1» ЖШС Бас директоры, Р.С. Алшинбаев, «Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ №3 жобалау дирекциясының басшысы және т .б. сөз сөйледі.
Сессия барысында спикерлер машина жасау және өңдеу өнеркәсібі саласын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Айта кетейік, Форум өзін машина жасау саласының өңірлік және халықаралық кәсіпорындары алдында тұрған сын-қатерлердің кең ауқымын шешетін пікірталас алаңы ретінде көрсетті, оның шеңберінде экономиканы әртараптандыру және импортты алмастыру механизімдері талқыланады.
Қазақстан машина жасаушыларының ХI Форумында машина жасау саласының дамуы талқыланды
- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Жаңалықтар
Қазақстан машина жасаушыларының ХI Форумында машина жасау саласының дамуы талқыланды
12.05.2023