Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин мен Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко бірқатар нысандарды аралады
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин мен Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко бірқатар нысандарды аралады

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин мен Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко бірқатар нысандарды аралады

29.06.2021

Қостанай облысына іс-сапары кезінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин және Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченко Қазақстандағы алғашқы жергілікті ауылшаруашылық техникасын өндіру орталығына ат басын бұрды.
Орталықты арнайы құрал-сайманмен жабдықтау ісін қаржыландыру «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қатысумен жүзеге асты.
Бұл - зауытқа қатынау іс-шарасы Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченконың Қазақстандағы үш күндік сапары бағдарламасының аясында жүзеге асты.
Лизинг жабдықтарының  бір бөлігі Қазақстанда шығарылса, бірқатар жабдықтар Ресей, Италия, Түркия және Қытайдан жеткізілген.
Цех Қазақстандағы өндірісті жергілікті жерге көшіру үрдісін арттырады, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді және техникалық жабдықтардың сапасын арттырады. Болашақта импорттың орнын толық жергілікті өніммен алмастыру жоспарлануда.
Сондай-ақ, мәртебелі қонақтарға СКD (тұтас бөлшектеу) әдісімен автомобиль құрастыру, шанақтарды балқыта дәнекерлеу және бояу жұмыстары көрсетілді. Бұл заманауи жоғары өнімді жабдықтар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржыландыруының көмегімен сатып алынды.