Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды

Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды

29.09.2020

Өнеркәсіпті дамыту қоры Индустриялық даму және "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламаларының жұмыс істеп тұрған қаржы операторы – "ҚДБ-Лизинг"АҚ негізінде құрылды.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, Қазақстанның алдында тұрған маңызды міндет өзінің өнеркәсіптік әлеуетін толық ашу болып табылады. Үкімет алдына ішкі және сыртқы нарықтарда өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша міндеттер қойылды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚДБ-лизингімен бірлесіп өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын жаңғырту және отандық өндіріс тауарларына сұранысты ынталандыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыруда.

Қорды құру Өңдеуші өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуге мүмкіндік береді. Ол отандық кәсіпорындарды 3% - дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Қор қызметінің негізгі басымдығы ағымдағы жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 1 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнаған болатын. Мемлекет басшысының "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Жолдауының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.