«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қазақстандық ауруханалар үшін отандық өндірушілер шығарған үш әмбебап жылжымалы медициналық кешенді және 90 медициналық жедел жәрдем автокөлігін сатып алуды қаржыландырды.
Санитарлық автокөлікті жаңарту Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасында санитарлық көлікті жаңарту бойынша жол картасының аясында жүзеге асырылды.
«МедКАР-У» жаңа әмбебап жылжымалы медициналық кешенінде жалпы қабылдау, стоматолог, офтальмолог, гинеколог бөлмелерінен, рентген кабинеті мен зертханадан тұратын алты кабинет бар.
Осындай кешендер Қостанай облысының Әулиекөл аудандық ауруханасының, Қызылорда облысының Арал ауданаралық ауруханасының және Шиелі ауданаралық ауруханасының қызметінде пайдаланылады.
Әмбебап жылжымалы медициналық кешендерді сатып алу қазақстандықтар қашықта тұратын жерлерге бару арқылы медициналық жәрдем көрсетуге және диспансерлеуге мүкіндік береді.
Covid-19-бен күрес аясында Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы 40 автокөлікті өзінің басқаруына алды. Қостанай облыстық медициналық кезек күттірмейтін жедел жәрдем стансасы 50 медициналық жедел жәрдем автокөлігін алды.
Сатып алынатын санитарлық көлік заманауи медициналық техникамен жабдықталған және Euro-5 экологиялық стандартына сәйкес келеді. Жаңа көлік санитарлық көлік класы бойынша халықаралық жедел жәрдем стандарттарына сәйкес келеді және жедел жәрдем бригадасының емделушілерге уақытылы жетуін қамтамасыз етеді.
Covid-19 пандемиясы басталған кезден-ақ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ 1167 жедел жәрдем машинасын және 8 жылжымалы медициналық кешенді сатып алуды қаржыландырды. Қор қазақстандық ауруханаларды жаңалауды қаржыландыру бойынша жұмысын жалғастырады.
Қазақстандық бірнеше аурухананың автопаркі жылжымалы кешендермен және жаңа көлікпен толықтырылды
- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Жаңалықтар
Қазақстандық бірнеше аурухананың автопаркі жылжымалы кешендермен және жаңа көлікпен толықтырылды
04.10.2021