Қазақстандық құтқарушыларға «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен көпфункционалды ұшақ табысталды
Бірыңғай байланыс орталығы 90-77

Қазақстандық құтқарушыларға «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен көпфункционалды ұшақ табысталды

chat-bgov

Кеңес ал!

Қазақстандық құтқарушыларға «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен көпфункционалды ұшақ табысталды

15.05.2025


Атырау халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен екінші заманауи, орта қашықтықтағы L-410 (NG) турбовинтті ұшағы табысталды. Салтанатты рәсімге Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Аринов пен Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысты. Чехияда өндірілген жоғары технологиялық әуе кемесі өңіраралық рейстерді орындау және құтқару операцияларын жүргізу үшін арналған. Алғашқы осындай ұшақ биылғы жылдың наурыз айында Қордың қолдауымен ТЖМ-ге берілген болатын.

Көпфункционалды әуе техникасы 6 стандартты зембіл мен 4 арнайы инфекциялық «Biohazard» зембілінен тұратын санитарлық жабдықтармен, сондай-ақ 19 жолаушы орнымен жабдықталған.


Ұшақтың жұмыс ауқымы 2100 шақырымға дейінгі қашықтықты қамтиды, ал оның ең жоғары крейсерлік жылдамдығы сағатына 400 км-ден асады.

Ең басты артықшылығы — ұшақ арнайы дайындалмаған алаңдарға қону мүмкіндігіне ие және –50 °C-тан +50 °C-қа дейінгі температуралық жағдайларда жұмыс істей алады. Бұл оны күрделі жер бедері мен қатал климат жағдайында таптырмас көлік құралына айналдырады.


2025 жылдың соңына дейін Төтенше жағдайлар министрлігіне Қордың қолдауымен тағы екі ұшақ жеткізіледі.

Құтқарушылардың тәжірибесі көрсеткендей, авиациялық техника төтенше жағдай орын алған жерге жедел жету үшін аса қажет. Мұндай жағдайда әрбір минуттың маңызы зор.