«Бәйтерек» холдингі Өнеркәсіпті дамыту қорының стратегиялық сессиясын өткізді
Call-center +7 (7172) 79-63-63

«Бәйтерек» холдингі Өнеркәсіпті дамыту қорының стратегиялық сессиясын өткізді

«Бәйтерек» холдингі Өнеркәсіпті дамыту қорының стратегиялық сессиясын өткізді

21.08.2024

Бүгін «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның (ӨДҚ) стратегиялық сессиясы өтті. Сессияда Қор қызметінің негізгі нәтижелері, сондай-ақ оны дамытудың стратегиялық бағыттары туралы баяндама ұсынылды.


Қор құрылған сәттен бастап өңдеу өнеркәсібіндегі, сондай-ақ көлік құралдары мен инфрақұрылымды жаңарту саласындағы жобаларды қаржыландыруды ұсына отырып, Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін дамытуды белсенді қолдайды.

Қордың жұмыс істеген уақытында өңдеу өнеркәсібіндегі 1 480 млн АҚШ доллары сомасына 82 жоба қаржыландырылды, оның ішінде тек 2024 жылы ғана 32 жоба. Қор отандық өндірушілерге белсенді қолдау көрсетуді жалғастыруда, сондай-ақ қалдықтарды өңдеумен, коммуналдық инфрақұрылыммен және шұғыл қызметтермен айланысты жобалармен айналысуда.


Сондай-ақ, Өнеркәсіпті дамыту қоры 2024 жылы AIX-ке әлеуметтік облигациялар шығара отырып, болашақта тұрақты даму және «жасыл» облигациялар бойынша есептер шығаруды жоспарлай отырып, ESG қағидаттарын ықпалдастырады.


ӨДҚ отандық өндірушілер мен кәсіпорындар үшін қолдау шараларын кеңейтуді, сондай-ақ коммуналдық техника паркін және шұғыл қызметтер көлігін жаңартуға ықпал ететін лизингтік қаржыландыруды дамытуды жалғастырады.