«Бәйтерек» холдингінің төрағасы қытайлық Баодин қаласындағы автокөлік зауытында болды
Call-center +7 (7172) 79-63-63

«Бәйтерек» холдингінің төрағасы қытайлық Баодин қаласындағы автокөлік зауытында болды

«Бәйтерек» холдингінің төрағасы қытайлық Баодин қаласындағы автокөлік зауытында болды

17.05.2023

ПЕКИН - АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасына сапарының қарсаңында «Бәйтерек» холдингінің басшылығы қытайлық Баодин қаласындағы бірқатар өндірістік нысандарды аралады, - деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

Бірінші бас тіреген нысан Сюшуй зауыты болды, онда Қанат Шарлапаев CKD әдісімен HAVAL автокөліктерін өндіретін зауыт жұмысымен танысты. Жаңа Astana Motors жобасының шеңберінде осы технологияны енгізу жоспарланып отырғанын атап өту керек.

«Бәрінен бұрын, сіздерге «Бәйтерек» холдингімен ынтымақтастыққа және серіктестікке мүдде білдіргеніңіз үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер», - деді құттықтау сөзінде Қ. Шарлапаев.

Зауыт өнімділігі таң қалдыратындай: осында бір ауысымда 600 авто құрастырылады, оның ең жоғары қуаттылығы 3 ауысымда 250 мың автоға дейін жетеді. Бұдан бөлек, дәнекерлеу цехында швед өндірісінің 500-ден астам роботы еңбек етеді. Бір мезгілде әртүрлі 5 модельді дәнекерлеу мүмкіндігі бар.

2305171002576896g (1).jpg

«Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымдарының бірі – Өнеркәсіпті дамыту қоры Қазақстанда, оның ішінде Great Wall Motor Company Limited көмегімен салынатын автокөліктер өндіретін мультибрендті зауыт құрылысын қаржыландыруға атсалысады.

Әріқарай «Бәйтерек» холдингінің төрағасы, шын мәнінде, Қытайдағы ең ұзын тест-жол болып саналатын тест-драйв алаңында болды, мұнда автокөліктердің бүкіл мүмкіндіктерін сынақтан өткізуге және ең жоғары жылдамдыққа жеткізуге жағдайлар жасалған. Ұзындығы 2400 метр тректе жол жабындарының әр алуан 10 түрі ұсынылған.

Ауданы 250 мың шаршы метр аумақта: зерттеу орталығы, сынамалық өндіріс орталығы, сынақ орталығы, дизайн таңдау орталығы, деректерді өңдеу орталығы орналасқан.

Бүгінгі таңда Haval техникалық орталығында 10 мыңнан астам қызметкерлер жұмыс істейді, оның ішінде 1000-ға жуығы – бұл жергілікті және шетелдік жетекші мамандар.

2305171002589362g.jpg

Келесі бағдардағы нысан кобальт мөлшерінсіз литий аккумуляторларының алғашқы сериялық өндірісін іске қосқан Feng Chao батареяларын өндіретін зауыт болды, онда Қ. Шарлапаев кәсіпорын зертханасымен, R&D сутегі энергиясының орталығымен танысты, сондай-ақ жобалар мен көліктердің тұаукесерлеріне қатысты.

2305171002593034g.jpg

Аралап шығу жоспарланған нысандардың бәрімен танысқан соң Қазақстаннан барған делегация мен кәсіпорындар басшылығы арасында құрылымдық келіссөздер жүргізілді.

Көзі: https://www.inform.kz/kz/bayterek-holdinginin-toragasy-kytaydyn-baodin-kalasyndagy-avtomobil-zauytyn...