
2026 жылғы қаңтарда республиканың барлық өңірлерінің полиция департаменттеріне «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «Жасыл даму» АҚ қаржылық қолдауымен отандық өндірістің 1314 жаңа қызметтік автомобилі берілді.
Құқық қорғаушылардың автопаркі Hyundai, KIA, JAC, Skoda, Chevrolet маркалы автомобильдермен толықты.
Барлығы ағымдағы жылы қазақстандық полицейлерге 3315 бірлік автоспецтехника берілетін болады.
Аталған қызметтік автомобильдер заманауи техникалық сипаттамаларға сәйкес келеді, байланыс аспаптарымен, бейнетіркеуіштермен, навигациялық жүйелермен, арнайы дабылдармен және басқа да қажетті жабдықтармен жарақталған.
Жаңа көлік тәртіп сақшыларына ұтқырлық пен жедел әрекет етуді арттыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға мүмкіндік береді.

Полицейлердің материалдық-техникалық жарақтануын осындай елеулі күшейту азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал ететін болады.
Барлығы Өнеркәсіпті дамыту қоры қолдауымен бүкіл ел бойынша өңірлік полиция департаменттері 4126 бірлік автоспецкөлік алды.
Құқық қорғаушылардың автопаркін толықтыру және жаңарту әр минуттың маңызды болған жағдайда оқиға орнына дереу келуге бағытталған.
Полицейлердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, әртүрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу әрдайым лезде әрекет етуді талап етеді, ал жаңадан жеткізілген техника осы үшін айтарлықтай маңызға ие.




