2024 жылғы 29 қараша күні «Жорға МТ» ЖШС автопаркіне елорда бағыттары бойынша жүру үшін қазақстандық құрастырудағы «Yutong» маркалы 10 заманауи экологиялық автобустың кезекті партиясы берілді. Бұған дейін осы айда автокәсіпорын дәл осындай 20 автобусты алған болатын.
Аталған 30 қоғамдық көлік бірлігі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен 7 жыл мерзімге жылдық 7% жеңілдетілген мөлшерлемемен сатып алынды. Үш ондаған жаңа автобус ең көп жүктелген №70 және №53 қалалық маршруттарға қызмет көрсететін болады.
Көліктер қоғамдық тасымал саласындағы халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Автобустар мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жеке орындар мен арнайы пандустармен, электронды билеттеу және бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған.
Бұған дейін «Жорға МТ» ЖШС автопаркі 92 маршруттық автобусты қамтыған болатын, оның 40-ы да жаңа маршруттардың ашылуына байланысты 2023-2024 жылдары Қордың қаржылық қолдауымен сатып алынған. Осылайша, 2 жыл ішінде елорда автопаркі бірден 70 жолаушылар автобусымен толықтырылды, олар күн сайын жүздеген қала тұрғынын тасымалдайды.
Айта кетейік, 2023 жылы «Жорға МТ» ЖШС-нің жалпы жолаушылар ағыны 15 миллионнан астам адамды құрады.
Жалпы, 2024 жылдың басынан бері «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен ел бойынша 996 маршруттық жолаушылар автобусы сатып алынды, оның ішінде Астана қаласында – 311 автобус.