Елордалық ТЖД «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылай қолдауымен 14 өрт сөндіру автомобиліне ие болды
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

Елордалық ТЖД «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылай қолдауымен 14 өрт сөндіру автомобиліне ие болды

Елордалық ТЖД «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылай қолдауымен 14 өрт сөндіру автомобиліне ие болды

22.01.2025


2025 жылғы 21 қаңтарда Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «Жасыл даму» АҚ қаржылық қолдауымен отандық өндірістің «Hyundai Pavise» маркалы 14 өрт сөндіру автокөлігі табысталды.

Халықаралық стандарттарға сай жаңа әрі заманауи өрт сөндіру техникасы төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге, құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыруға, жеке құрамды, өрт сөндіру құралдарын және техникалық жабдықтарды оқиға орнына жеткізуге арналған.

Елордалық өрт сөндірушілерге берілген бұл автомобильдер бірегей арнайы құралдармен жабдықталған. Олардың құрамына әлемдік деңгейдегі HNE (Германия), Holmatro (Нидерланды) және MSA (АҚШ) өндірушілерінің өрт сөндіру құралдары кіреді.

Аталған өрт сөндіру автомобильдері – қалалық үлгідегі көпфункционалды автоцистерналар, құтқарушылардың төтенше жағдайлар кезінде тиімді жұмыс істеуі үшін әзірленген. «Hyundai Pavise» шассиінің жоғары маневрлігі көліктерге ерекше ұтқырлық береді. Ал күшейтілген арматураланған шыны пластиктен жасалған, 4000 литр су мен көбік түзгішке арналған қондырма мен цистерна коррозияға ұшырамайды. Қондырма мен цистернаның кепілдігі 10 жылды құрайды.

Өрт сөндіру автомобильдері құтқарушыларға оқиға орнына шұғыл жетуге мүмкіндік береді, себебі әрбір минут маңызды.

Өртті жою жедел әрекет етуді талап ететінін өртке қарсы қызмет мамандарының тәжірибесі дәлелдеп отыр.

Айта кету керек, 2024 жылы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылай қолдауымен өңірлік және қалалық Төтенше жағдайлар департаменттері жалпы саны 187 арнайы мақсаттағы автокөлік сатып алды.