Қазақстандық құтқарушыларға "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның қаржылық қолдауымен жаңа көпфункционалды ұшақ берілді
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

Қазақстандық құтқарушыларға "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның қаржылық қолдауымен жаңа көпфункционалды ұшақ берілді

chat-bgov

Кеңес ал!

Қазақстандық құтқарушыларға "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның қаржылық қолдауымен жаңа көпфункционалды ұшақ берілді

26.03.2025

2025 жылғы 26 наурызда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның қаржылық қолдауымен жаңа, заманауи L-410 NG орта қашықтыққа ұшатын турбовинтті ұшағын қабылдап алды. Ұшақты тапсыру рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі Шынғыс Аринов қатысты. Чехияда өндірілген жоғары технологиялық әуе кемесі өңіраралық ұшуларды жүзеге асырып, құтқару операцияларын атқарады.

Көпфункционалды авиациялық техника алты стандартты зембіл мен төрт арнайы инфекциялық "Biohazard" зембілінен тұратын санитарлық жабдықтармен, сондай-ақ 19 жолаушыға арналған орындықтармен жабдықталған.


Ұшақ 6500 км қашықтықты еңсере алады, ал оның максималды крейсерлік жылдамдығы 400 км/сағ асады.

2025 жылы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның қаржылық қолдауымен Төтенше жағдайлар министрлігіне осындай тағы үш ұшақ жеткізіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауында Президент авиациялық хабтар мен әуе паркін дамыту қажеттілігіне ерекше назар аударды. Осыған сәйкес, 2025 жылы Өнеркәсіпті дамыту қоры шағын авиацияны жаңарту мақсатында лизингтік қаржыландыруды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.


Айта кету керек, 2024 жылы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның қаржылық қолдауымен Төтенше жағдайлар министрлігінің қажеттіліктері үшін төрт ұшақ сатып алынды.

Құтқарушылар тәжірибесі көрсеткендей, авиациялық техника төтенше жағдайлар кезінде оқиға орнына жедел жету үшін аса қажет, себебі мұндай жағдайда әрбір минут маңызды.