Мәскеуде мемлекетаралық лизингтік конфедерацияны құру мәселесі талқыланды
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Мәскеуде мемлекетаралық лизингтік конфедерацияны құру мәселесі талқыланды

Мәскеуде мемлекетаралық лизингтік конфедерацияны құру мәселесі талқыланды

25.03.2019

«ҚДБ-Лизинг» Мәскеуде өткен «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде халықаралық лизингті дамыту» дөңгелек үстеліне қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушы ретінде Сауда-өнеркәсіп палатасын ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелінің жұмысына ЕАЭО мүше елдерінің салалық қауымдастығының өкілдері, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің лизингтік компаниялары қатысты. «ҚДБ-Лизинг» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева Қазақстан Республикасында лизинг нарығының жағдайы мен келешегі туралы дөңгелек үстел қатысушыларына айқан болатын. Сондай-ақ, қатысушылар ЕАЭО аясында лизингтің даму факторларын талқылады, лизингке қатысты нормативтік базаны үйлестіру, ұлттық лизингтік бірлестіктердің ЕАЭО-ға мүше елдердің лизингін дамыту бойынша ынтымақтастығына байланысты мәселелерін талқылады. Кездесу нәтижесінде ынтымақтастық туралы шешім қабылданды. Дөңгелек үстел барысында талқыланатын негізгі мәселелер:халықаралық лизингке арналған нормативтік базаны жетілдіру (ұлттық заңнаманы синхрондау), ЕАЭО шеңберінде лизингті дамытуға кедергілерді уақтылы анықтау және жою, сондай-ақ лизингті қолданумен жобаларды (бағдарламаларды) енгізу және сараптамалық қолдау көрсету.