Маңғыстау облысына «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен 76 қоғамдық көлік автобусы берілді
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

Маңғыстау облысына «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен 76 қоғамдық көлік автобусы берілді

chat-bgov

Кеңес ал!

Маңғыстау облысына «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен 76 қоғамдық көлік автобусы берілді

11.02.2025


Ақтау қаласында «Caspian Trans Corporation» ЖШС автопаркіне «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ мен «Жасыл даму» АҚ-ның қаржылық қолдауымен отандық өндірістегі 76 заманауи «Yutong» маркалы автобус берілді. Қоғамдық көлік 7 жыл мерзімге жылдық 0,01% жеңілдетілген мөлшерлемемен сатып алынды.

Жаңа автобустар ауданаралық, қалааралық және облысаралық бағыттарда қатынайды, олар: Ақтау – Атырау, Ақтау – Ақтөбе, Ақтау – Орал, Ақтау – Жаңаөзен, Ақтау – Бейнеу, Ақтау – Бекет ата, Ақтау – Мұнайшы, Ақтау – Таушық, Ақтау – Ақшұқыр, Ақшұқыр – Сайын, Шетпе – Қызан – Ақшымырау, Шетпе – Тұщықұдық – Шебір, Шетпе – Онды, Шетпе – Ұштаған, Шетпе – Шайыр, Шетпе – Жармыш, Шетпе – Сайөтес, Шетпе – Тұщыбек – Жыңғылды, Форт – Баутино – Аташ, Форт-Шевченко – Қызылөзен, Құрық – Жетібай – Мұнайшы – Жетібай.


Автобустар қоғамдық тасымал саласындағы халықаралық сапа стандарттарына толық сәйкес келеді.

Қалааралық және облысаралық бағыттарда жолаушылардың жайлы жүруін қамтамасыз ету үшін 51 орындық үлкен сыйымдылықтағы автобустар бөлінді. Бұл автобустар ұзақ сапар барысында жолаушылардың жайлылығын арттыру мақсатында санитарлық тораппен (дәретхана), кондиционермен және теледидармен жабдықталған.


Ауданаралық жолаушылар тасымалы үшін 24 орындық жайлы шағын автобустар қарастырылған.

Айта кету керек, 2024 жылы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен 1083 жолаушы тасымалдайтын маршруттық автобус сатып алынды, қазір олар еліміздің барлық өңірлерінде қызмет көрсетуде.