Moody's Investors Service «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның ұзақ мерзімді рейтингін «Baa3» деңгейінде «позитивті» болжаммен растады
Бірыңғай байланыс орталығы 90-77

Moody's Investors Service «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның ұзақ мерзімді рейтингін «Baa3» деңгейінде «позитивті» болжаммен растады

chat-bgov

Кеңес ал!

Moody's Investors Service «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның ұзақ мерзімді рейтингін «Baa3» деңгейінде «позитивті» болжаммен растады

02.10.2025


Халықаралық Moody's Investors Service рейтинг агенттігі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ың ұзақ мерзімді рейтингін «Baa3» деңгейінде растады және «позитивті» болжамды сақтады.

Аталған рейтингтің расталуы Қордың қаржылық көрсеткіштерінің тұрақты артуын, даму институтының орнықты экономикалық саясатын, өнеркәсіптік және көлік-логистикалық жобаларды қаржыландыруға бағытталған корпоративтік қызметінің тиімділігін айқындайды.

«Позитивті» болжам алдағы кезеңдегі жүйелі өсім мен кешенді дамуға берік негіз болып, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-қа стратегиялық жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру үшін қажетті өтімділік пен капиталдандыруды қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде ұлттық экономиканы әртараптандыруға және түптеп келгенде елдің ЖІӨ-ін арттыруға ықпал етеді.

Бүгінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ еліміздің лизинг нарығындағы сенімді көшбасшы болып табылады. Қор жыл сайын қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты өсімін көрсетіп келеді. Соңғы үш жылда Қор өзінің портфелін 3 еседен астам ұлғайтты — 2022 жылдың басындағы 624 миллиард теңгеден 2025 жылы 2,3 триллион теңгеге дейін.

Қор өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым салаларындағы жобаларды жүйелі қаржылай қолдау арқылы ел экономикасының өсуіне белсенді түрде ықпал етуді жалғастырады.

Еске сала кетейік, 2024 жылы халықаралық Moody's Investors Service рейтинг агенттігі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-тың ұзақ мерзімді рейтингін «Ba1» деңгейінен «Baa3» деңгейіне көтеріп, «позитивті» болжамды сақтап қалған болатын.