Moody's Investors Service «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның ұзақ мерзімді рейтингтерін «Ba1» деңгейінен «Baa3» деңгейіне дейін көтерді
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Moody's Investors Service «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның ұзақ мерзімді рейтингтерін «Ba1» деңгейінен «Baa3» деңгейіне дейін көтерді

Moody's Investors Service «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның ұзақ мерзімді рейтингтерін «Ba1» деңгейінен «Baa3» деңгейіне дейін көтерді

16.09.2024

Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ ұзақ мерзімді рейтингтерін «оң» болжамды сақтай отырып, «Ba1» деңгейінен «Baa3» деңгейіне дейін көтерді.

Рейтингтерді арттыру Қордың қаржылық көрсеткіштерінің жақсаруын және оның лизинг және өнеркәсіптік жобаларды қаржыландыру нарығындағы орнықты позициясын көрсетеді.

Оң болжам ел экономикасын әртараптандыруға бағытталған стратегиялық жобалар мен бастамаларды іске асыру үшін Қорға қажетті өтімділік пен капиталдандыруды қамтамасыз ете отырып, одан әрі өсу мен даму үшін берік база жасайды.

Айта кетейік, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қордың жобалар портфелі 1,6 трлн теңгеге жетті, ал экономикаға инвестициялар көлемі 357,4 млрд теңгені құрады.

Қор «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заң, «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы және «Қазақстан Республикасының өңдеуші өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бойынша іс-шараларды іске асыра отырып, өңдеуші секторды дамытуға белсенді түрде жәрдемдесуді жалғастырады.