Өнеркәсіпті дамыту қоры 2023 жылды қорытындылайды
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Өнеркәсіпті дамыту қоры 2023 жылды қорытындылайды

Өнеркәсіпті дамыту қоры 2023 жылды қорытындылайды

28.12.2023

2023 жылы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ ("Қазақстанның Даму Банкі" АҚ еншілес компаниясы) қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша қарқынды өсу динамикасын көрсетті.

Қордың ел экономикасына қосқан үлесі ағымдағы жылы шамамен 500 млрд теңгені құрады. Қор 1500-ден астам мәмілені қаржыландырды. Қор жобаларының портфелі 1,2 трлн теңгеге жетті және өсуін жалғастыруда.

Ағымдағы жылы қор өңдеу өнеркәсібі саласындағы 30-дан астам жобаны қолдады, оларды іске асыру 5 200-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді, ел бюджетіне салық түсімдерін қамтамасыз етіп және сол арқылы экономиканы әртараптандыруға ықпал етті.

Еліміздің барлық өңірлері бойынша 1 243 мектеп және жолаушылар автобусы, 275 бірлік полиция машинасы, 68 бірлік өрт сөндіру техникасы, 540 бірлік жүк вагоны, 50 бірлік жолаушылар вагоны лизингке берілді. Сондай-ақ, машина-трактор паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасы аясында қор 482 бірлік коммерциялық техника мен 195 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландырды.

Moody's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ эмитентінің ұзақ мерзімді рейтингтерін Ba2 деңгейінен Ba1-ге дейін "оң" болжаммен көтерді.

Бүгінгі таңда қор шағын және орта бизнес субъектілері үшін өңдеуші өнеркәсіп жобаларын жеңілдетілген қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Бағдарлама шеңберінде өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары Қазақстан Республикасының өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде лизинг және кредит беру құралдары арқылы қаржыландыруды ала алады.

Келесі жылы Өнеркәсіпті дамыту қоры орта және жоғары қайта бөлу тауарларын өндіруді қолдауға және ынталандыруға, инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесуге бағытталған жобаларды қаржыландыруды жалғастырады.