«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ 2023 жылдың қорытындысын шығарды. Жыл қорытындысы бойынша Қор 331 754 976 мың теңге сомасына инвестициялар тартты, жарғылық капитал 135 000 000 мың теңге сомасына ұлғайтылды, ал таза пайда 23 567 497 мың теңгені құрады.
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша лизингтік және несиелік портфельдер 1 185 000 000 мың теңгеден асты. Қор 186 млрд теңге, оның ішінде екінші деңгейлі банктерге 100 млрд теңге, лизингтік компанияларға 60 млрд теңге және инвестициялық жобаларға 26 млрд теңге сомасында қарыз берді.
Өнеркәсіпті дамыту қоры кәсіпорындарды технологиялық жаңарту бағдарламаларын іске асыру және өндірістік қуаттарды кеңейту арқасында 2023 жылы барлық негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсуді көрсетті.
Ағымдағы 2024 жылы Қор тұрақты дамуға бағытталған жобаларды қолдай отырып, инновациялық технологиялар мен инфрақұрылымға инвестиция сала отырып, ESG қағидаттарын енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осы бағытта Қор жүргізетін негізгі іс-шаралар жасыл жобаларды қолдауды, орнықты қаржыландыру құралдарын дамытуды, ESG-тәуекелдерді басқаруды және ашықтықты арттыруды қамтиды.
Осылайша, 2024 жылы Қор AIX биржасының алаңында алғашқы әлеуметтік облигацияларды шығарды. Әлеуметтік облигацияларды шығару процесі Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығы (ICMA) белгілеген әлеуметтік облигациялар қағидаттарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылды. «Екінші тараптың пікірі» форматындағы сыртқы бағалауды АХҚО Жасыл қаржы орталығы осы орналастырудың орнықты қаржыландырудың жоғары стандарттарына сәйкестігін растай отырып берді.
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі аясында Қор қалдықтарды қайта өңдеу, сұрыптау және кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаны іске қосты. Аталған қаржыландыру бағдарламасына сәйкес, ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша кәдеге жарату төлемдері есебінен қалдықтарды басқару саласындағы 94 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылды.
Жасыл экономикаға және көміртегі бейтараптығына көшу бүкіл ел үшін маңызды стратегиялық міндет болып табылатынын ескере отырып, Қордың экологиялық және әлеуметтік жобаларды толыққанды іске асыруы, сондай-ақ өз қызметіне ESG-қағидаттарды енгізу елдегі экологиялық және экономикалық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.