"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ "Қостанай агромеханикалық зауыты" ЖШС зауытында құю өндірісін кеңейту және жаңғырту жөніндегі жобаны қолдады.
Жобаға сәйкес Қордың инвестициялары қуаттылығы жылына 1000 тоннадан астам болатын құю өнімін сатып алуға бағытталған.
Сатып алынатын қазақстандық және ресейлік жоғары технологиялық жабдығында машина жасауда, ауыл шаруашылығы және құрылыс саласында қолданылатын шойын, болат марганец және болат көміртекті бұйымдар өндірілетін болады. Барлық өнімдер өңірдің ішкі нарығына да, Қазақстанның басқа да облыстарына жеткізілетін болады.
Жобаны іске асыру зауытта өндіріс қуатын анағұрлым арттыруға, жұмыс орындарын сақтауға, сондай-ақ бюджетке қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.