Өнеркәсіпті дамыту қоры Қостанайда қытай технологияларын қолдана отырып, ауыл шаруашылығы машина жасау кластерін құруды қолдады
Бірыңғай байланыс орталығы 1408

Өнеркәсіпті дамыту қоры Қостанайда қытай технологияларын қолдана отырып, ауыл шаруашылығы машина жасау кластерін құруды қолдады

chat-bgov

Кеңес ал!

Өнеркәсіпті дамыту қоры Қостанайда қытай технологияларын қолдана отырып, ауыл шаруашылығы машина жасау кластерін құруды қолдады

17.07.2026


2026 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жасаған ресми сапары аясында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Агромашхолдинг KZ» АҚ және Қытайдың ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін жетекші машина жасау компаниясы Weichai Lovol Intelligent Technology Co. арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық ауыл шаруашылығы машина жасау кластерін қалыптастыру жөніндегі Стратегиялық келісімге қол қойылды.

Weichai Lovol Intelligent Technology Co. — автопилот жүйелерімен және GPS-навигациямен жабдықталған жоғары технологиялық өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін Қытайдағы ең ірі компаниялардың бірі. Бұл технологиялар егіс жұмыстары мен егін жинау науқаны кезінде барынша дәл операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, цифрлық датчиктер топырақтың ылғалдылығын және өсімдіктердің өсу деңгейін өлшеп, отын мен тыңайтқыштарды үнемді пайдалануды реттейді. LOVOL компаниясының осы «ақылды» ауыл шаруашылығы техникасы әлемнің 120-дан астам еліне жеткізіледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ауыл шаруашылығы машина жасау кластерін қалыптастыру жөніндегі қол қойылған келісім Қостанай қаласында жоғары инженерлік технологияларды, өндірістік стандарттарды, қажетті лицензиялар мен патенттерді трансферттей отырып, LOVOL маркалы ауыл шаруашылығы арнайы техникасын өндіретін машина жасау кешенін құруға бағытталған.

Аталған инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде Қор зауыттың күрделі құрылысын қаржыландыруды, сондай-ақ жабдықтар мен өндірістік желілерді сатып алуды қоса алғанда, кешенді қолдау көрсетеді.

Жаңа зауыттың қызметі 5–6-сыныптағы астық жинайтын комбайндарды және оларға қажетті құрамдас бөлшектерді өндіруге бағытталады. Жобалық өндірістік қуаттылығы жылына 1 000 дейін комбайнды құрайды.

Өндірістік алаңның жалпы аумағы 24 000 м²-ден астам болады. Оның құрамына қойма аймағы мен дайын өнімді сынақтан өткізу алаңы кіреді.

- Бүгінгі Келісімге қол қою отандық машина жасау саласының одан әрі жүйелі дамуына және республиканың өнеркәсіптік әлеуетін айтарлықтай нығайтуға бағытталған. Қажеттілік тұрғысынан алғанда, елімізде ауыл шаруашылығы техникасына сұраныс өте жоғары екені белгілі. Белгілі болғандай, Қазақстан ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі бойынша әлемдегі ТОП-6 елдің қатарына кіреді, жоғары сапалы бидай мен ұнның ірі әлемдік экспорттаушысы болып табылады, дайын өнімді Еуропа мен Азия нарықтарына жеткізеді. LOVOL техникасын өндіретін зауыт Қазақстанда заманауи «ақылды» комбайндар шығаруға бағытталған алғашқы зауыт болады және ішкі нарықтың жыл сайынғы қажеттілігін қамтамасыз етіп, кейіннен жақын және алыс шетелдерге экспорттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, болашақ өндіріс CKD әдісімен, ұсақ тораптық болады, бұл отандық өнім желісін кеңейтуге, локализация деңгейін, елішілік құндылықты арттыруға және импорт алмастыруға ықпал етеді, - деп атап өтті Өнеркәсіпті дамыту қоры АҚ Басқарма төрағасы Ринат Гаппаров.

Бүгінгі таңда жобаны іске асыру аясында қажетті жабдықтардың барлық түрлері анықталды, LOVOL (ҚХР) қолданыстағы зауытының өндірісін ұйымдастыру негізінде өндіріс жоспарлауы мен өндірістік желілердің орналасуы дайындалды. Қостанайдағы зауыттың құрылысын бастау 2027 жылға жоспарланған.