Өнеркәсіпті дамыту қоры отандық өндірістің 150 жаңа термос-вагонын сатып алуды қолдады
Бірыңғай байланыс орталығы 1408

Өнеркәсіпті дамыту қоры отандық өндірістің 150 жаңа термос-вагонын сатып алуды қолдады

chat-bgov

Кеңес ал!

Өнеркәсіпті дамыту қоры отандық өндірістің 150 жаңа термос-вагонын сатып алуды қолдады

27.11.2026

Өнеркәсіпті дамыту қоры отандық өндірістің 150 жаңа термос-вагонын сатып алуды қолдады - 1

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ тез бұзылатын азық-түлік өнімдері мен температуралық режимнің қатаң сақталуын талап ететін өзге де жүктерді тасымалдауға арналған отандық өндірістің 150 жаңа термос-вагонын сатып алуды қолдады. Бұл теміржол техникасы әртүрлі тауар номенклатурасын, соның ішінде ет, балық және сүт өнімдерін, жартылай фабрикаттарды алыс қашықтыққа тасымалдау үшін ерекше сұранысқа ие.

Термос-вагондардың жеткізілуі үш кезеңмен жүзеге асырылады: 20 бірлік техника биылғы жылдың соңына дейін, 65 вагон – келесі жылдың бірінші тоқсанында, тағы 65 вагон 2027 жылдың екінші тоқсанында келіп түседі.

Жылжымалы құрамды Петропавл қаласында орналасқан «RW Constructor» ЖШС вагон жасау зауыты шығарады. Жылу оқшаулауы жақсартылған термос-вагондардың изотермиялық кузовы өнімді қауіпсіз тасымалдау үшін қажетті температуралық режимді бүкіл жол бойы сақтауға мүмкіндік береді. Әр вагон 60 тоннаға дейін жүк тасымалдауға арналған және қызмет ету мерзімі 32 жылға дейін жетеді.

Өнеркәсіпті дамыту қоры отандық өндірістің 150 жаңа термос-вагонын сатып алуды қолдады - 2

Мамандандырылған жылжымалы құрамды сатып алу республика аумағында да, оның шегінен тыс жерлерде де тез бұзылатын өнімдерді тасымалдау көлемін айтарлықтай арттыруға, осылайша елдің экспорттық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру елдің логистикалық инфрақұрылымын одан әрі дамытуға, теміржол жүк тасымалының сенімділігін арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Жалпы, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен отандық теміржол саласына 878 жолаушылар және 16 808 жүк вагоны, сондай-ақ атмосфераға зиянды қалдықтар шығармайтын 3 экологиялық таза электр пойызы жеткізілгенін атап өткен жөн.