2025 жылғы 30 шілдеде Қостанай облысының Полиция департаментіне «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен отандық өндірістен шыққан 59 жаңа қызметтік автокөлік берілді.
Бұл автокөліктер байланыс құралдарымен, бейнетіркегіштермен, навигациялық жүйелермен, арнайы дыбыстық және жарық сигналдарымен, сондай-ақ өзге де қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылған.
Қостанайлық құқық қорғаушылардың автопаркі KIA, JAC және Chevrolet Cobalt маркалы көліктермен толықты.
Жаңа техника полиция қызметкерлерінің мобильділігін және жедел әрекетін арттырып, қоғамдық тәртіпті нығайтуға септігін тигізеді.
Полиция қызметкерлердің материалдық-техникалық жарақтандырылуын осылайша елеулі түрде күшейту азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға септігін тигізеді.
Осымен қатар, биылғы тамыз айында Қостанай облысының Полиция департаментіне «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қолдауымен тағы 21 автокөлік берілмек.
Айта кетсек, 2023-2024 жылдары Қор Қостанай облысының полиция қызметкерлері үшін барлығы 115 қызметтік автокөліктің сатып алынуын қаржыландырды.
Жалпы, Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен еліміздегі өңірлік Полиция департаменттеріне шамамен 1 500 арнайы автокөлік берілді.
Тәртіп сақшыларының автокөлік паркін толықтыру мен жаңарту – әрбір минут маңызды болатын оқиға орындарына дер кезінде жетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Полиция тәжірибесі көрсеткендей, әртүрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу әрдайым жедел әрекет етуді талап етеді, ал жаңадан жеткізілген техника бұл тұрғыда маңызды рөл атқарады.