29 қыркүйекте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-тың және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-тың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ алаңында «Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы мен мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева отандық кәсіпорындарды қолдау бойынша қордың қызметі және инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынды.
2021 жылдың басынан бастап Қор 81 млрд теңгеден асатын сомаға 235 жобаны қаржыландырды, 152,7 млрд теңге сомасына жобаларды қаржыландыру үшін қорландыру тартты.
2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Қордың активтері 737,6 млрд теңгені құрады
лизингтік портфель 512,4 млрд теңгені құрады.
«Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы мен мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы
- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Жаңалықтар
«Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы мен мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы
29.09.2021