"QazAlPack" ЖШС "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қаржылық қолдауымен өндірістік қуатын арттыру жобасын жүзеге асырды
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

"QazAlPack" ЖШС "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қаржылық қолдауымен өндірістік қуатын арттыру жобасын жүзеге асырды

chat-bgov

Кеңес ал!

"QazAlPack" ЖШС "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қаржылық қолдауымен өндірістік қуатын арттыру жобасын жүзеге асырды

19.02.2025


Шымкент қаласында «QazAlPack» алюминий қаптамасын өндіруші кәсіпорны «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа қосымша жабдық сатып алып, ауқымды жобаны жүзеге асырды.


Лизингтік қаржыландыру мерзімі жылдық 9% мөлшерлемемен 7 жылды құрайды.


Жобаны іске асыру нәтижесінде зауыттың қуаты 2 есеге – жылына 1 миллиардтан 2 миллиардқа дейін ұлғайтылды. Бұл ретте республикада осы өнімге қажеттілік жылына шамамен 4,5 миллиард бірлік алюминий ыдысына бағаланады.


Алюминий қаптамалар ұзақ мерзімді сақтауға жарамды әрі сұранысқа ие өнім. Олар сусындар өндірісінде кеңінен қолданылады.


Айта кету керек, 2018-2022 жылдар кезеңінде Қазақстанда сусындардың барлық түрлерінің өндірісі 124% - ға өсті, бұл қаптаманың өсіп келе жатқан қажеттілігін растайды.


Кәсіпорын ішкі нарыққа өнім жеткізумен қатар, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей және Әзірбайжан елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.


«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қолдауымен өндірістік қуаттың айтарлықтай артуының нәтижесінде «QazAlPack» ЖШС-де 103 жаңа жұмыс орны ашылып, бюджетке салық түсімдері ұлғаяды.