ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин автобустар мен арнайы техника өндіру зауытына барды
Call-center +7 (7172) 79-63-63

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин автобустар мен арнайы техника өндіру зауытына барды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин автобустар мен арнайы техника өндіру зауытына барды

25.06.2021

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қаржыландырған автобустар мен арнайы техника өндіру зауытына барды.

❗Аталған жоба Қарағанды облысының Саран қаласында Yutong  жолаушы тасымалдау автобустарын, карьерлік, құрылыс және жол техникаларын өндіруге мүмкіндік береді.


???? Зауыт  "Yutong" ???? автобустарын өндіру бойынша ең ірі әлемдік көшбасшымен серіктестікте құрылған. 

✅ 500 жұмыс орыны құрылады. 
✅Жалпы өндірістік қуаттығы – жылына 1 200 жолаушы автобустары және 500 бірлік арнайы техниканы құрайды. Зауытта өндірістің бірнеше циклін іске қосу қарастырылған: ????дәнекерлеу, ????сырлау, құрамдас бөліктерді шығару, ????зерттеу орталығы,  ????️техниканы сынау және тексеруге арналған трек.

????Жаңа жоба қоғамдық көліктерді отандық автобустармен жаңарту және модернизациялау бойынша Бағдарламаны іске асырудың бір бөлігі болады.