Сұраныстардың жиілеуіне байланысты «Өнеркәсіпті Дамыту Қоры» АҚ хабарлайды
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Сұраныстардың жиілеуіне байланысты «Өнеркәсіпті Дамыту Қоры» АҚ хабарлайды

Сұраныстардың жиілеуіне байланысты «Өнеркәсіпті Дамыту Қоры» АҚ хабарлайды

20.05.2022

Сұраныстардың жиілеуіне байланысты «Өнеркәсіпті Дамыту Қоры» АҚ келесіні хабарлайды.

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №604 қаулысымен отандық өндірістің автомобильдерін сатып алатын түпкілікті қарыз алушыларды қаржыландырудың негізгі шарттарының бірі екі жылдық кезең ішінде бір түпкілікті қарыз алушыға қаржыландыру бойынша шектеу болып табылады.

Осыған байланысты, Қор қаулыда көрсетілген екі жылда бір реттен жиі емес автокөлік сатып алу шартына ғана банктердің мақұлданған өтінімдерінің тізбесін келіседі. Қор әлеуетті түпкілікті қарыз алушыны тізімнен (кезектен) жоғарыда көрсетілген шектеу анықталған жағдайда ғана алып тастай алады. 
Қор келісудің басқа түрлерін жүргізбейді. Бұл қор тексеретін жалғыз шарт. Жоғарыда көрсетілген келісу 1 жұмыс күнінен аспайды.