Сенімді қаржы операторымен 15 жыл бірге!
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Сенімді қаржы операторымен 15 жыл бірге!

Сенімді қаржы операторымен 15 жыл бірге!

08.09.2020

«БРК-Лизингке» 15 жыл толды. Бұл уақыт аралығында компания көмегінің арқасында ондаған отандық кәсіпорын жаңа өндіріс ашып, заманауи техника мен жабдық сатып алып, қолда бар паркін жаңартты.

«БРК-Лизинг» жасаған қолдаудың нәтижесін барша қазақстандықтар сезіне алады, себебі – бұл дегеніміз жаңа жолаушы вагондары, аймақтар арасында ұшатын жаңа ұшақтар мен жайлы автобустар; бұл Қазақстанда құрастырылған автокөлікті сатып алу; бұл жел және күн станциялары өндірген электр қуатын тұтыну; бұл коммуналды қызметтердің жаңа арнайы техникасы жинап өткен көшелермен серуендеу; бұл жергілікті зауыттар шығарған табиғи өнімді пайдалану.

Барлық осы нысандардың жұмысына компанияның әрбір қызметкері өз еңбегін сіңірген. Команданың кәсібилігінің арқасында біздерге клиенттер сенім артып, өз міндеттерін жүзеге асырады. Біз өңдеуші өнеркәсіптің, өндірістік және көліктік инфрақұрылымның дамуына бірге атсалысып, отандық экономиканың көрсеткіштерін жақсартамыз. Компанияның лизинг портфелі бүгінде 409,7 млрд теңгеден асады. Активтері шамамен 513,8 млрд теңгені құрайды. Меншікті капиталы 105,4 млрд теңге деңгейінде қалыптасқан.

Біз алдымызға жаңа мақсаттар қойып, оған сенімді түрде қол жеткіземіз. Және бұл «БРК-Лизингтің» әрбір қызметкерінің арқасында. Компания ұжымын 15 жылдығымен құттықтай отырып, танытқан ынтасы мен өз жұмысына берілгендігі үшін алғыс білдіреміз. Компанияға талабы таудай жоспарлар мен жобалар, ал клиенттерімізге өркендеу мен даму тілейміз!