2024 жылғы 2 қазан күні Sustainable Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-на «2» деңгейіндегі ESG рейтингін беріп, жалпы ұпайы 63 болды.
Рейтингтік агенттіктің берген жоғары рейтинг «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ дәйекті түрде жүргізетін прогрессивті экологиялық және әлеуметтік саясаттың нәтижесі болып табылады.
Аталған ESG рейтингінің берілуі қаржы институтының корпоративтік саясатының тиімділігін көрсетіп, сондай-ақ ESG қағидаттарын енгізу бойынша бекітілген Жол картасына сәйкес жүйелі жұмысты жалғастыруға қосымша серпін береді.
- Өнеркәсiптi дамыту қоры экологиялық таза өндiрiстердi және ресурстарды үнемдеу жобаларын қаржылық қолдауды басымдық ретінде санайды. Қор портфелінде «таза» деп аталатын технологияларды қолдану негізінде жүзеге асырылған жобалардың бірқатары бар. Олардың қатарына салынған «Астана Экспо-2017» жел электр станциясы, Қапшағай қаласындағы күн электр станциясы, Қарағандыдағы қоқыс сұрыптау кешенін кешенді жаңғырту, Астана және Павлодар облысында 160 электрлік, экологиялық автобустарды сатып алу жобалары кіреді. Әрине, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-на Sustainable Fitch халықаралық агенттігінің берген жоғары бағасы мен «2» деңгейіндегі ESG рейтингін тағайындауы біз үшін жасыл технологияларды дамыту саласында үлкен маңызға ие және Қордың ESG мәселелерін кешенді түрде жүзеге асыруға қосымша ынталандырады, – деп атап өтті «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева.
Сондай-ақ, 2024 жылы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп қалдықтарды өңдеу, сұрыптау және кәдеге жарату жөніндегі Бағдарламаны іске қосты. Осы Бағдарламаға сәйкес қалдықтарды басқару саласындағы инвестициялық жобалардан пул қалыптастырылды, осы бағыт шеңберінде 2024 жылы шамамен 70 млрд теңге сомаға жобалар қаржыландырылатын болады.
Бұдан басқа, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ ESG әлеуметтік қағидаттарын ұстанып, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақмола және Қызылорда облыстары үшін жедел жәрдем машиналарын сатып алуға бағытталған AIX биржасында әлеуметтік облигациялардың дебюттік шығарылымын табысты жүзеге асырды.