Sustainable Fitch «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның рейтингін «2» деңгейінде растады және жалпы ұпайын 63-тен 66-ға дейін көтерді
Бірыңғай байланыс орталығы 90-77

Sustainable Fitch «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның рейтингін «2» деңгейінде растады және жалпы ұпайын 63-тен 66-ға дейін көтерді

chat-bgov

Кеңес ал!

Sustainable Fitch «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның рейтингін «2» деңгейінде растады және жалпы ұпайын 63-тен 66-ға дейін көтерді

03.10.2025


Халықаралық рейтинг агенттігі Sustainable Fitch «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның рейтингін «2» деңгейінде растады және оның жалпы балын 63-тен 66-ға дейін көтерді. Мұндай жоғары баға Қордың экологиялық және әлеуметтік маңызы бар жобаларға елеулі инвестицияларын көрсетеді, сондай-ақ экологиялық ақпаратты жариялау мен мақсатты көрсеткіштерді белгілеу салаларында жетілдіру мүмкіндіктерінің бар екенін сақтап отыр.

Sustainable Fitch қорытындысында атап өтілгендей, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ — Қазақстанның мемлекеттік қоры, оның мақсаты ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру және экономиканың басым секторларында кредит беру арқылы өнеркәсіптік дамуды қолдау болып табылады.

Қордың лизингтік және кредиттік портфелінің елеулі бөлігі экологиялық көлік пен жаңартылатын энергия көздері сияқты «жасыл» жобаларға, сондай-ақ ең алдымен ШОБ-ты қаржыландыруға бағытталған әлеуметтік жобаларға жіберілуді жалғастыруда. Бұл Қазақстанның өнеркәсіптік және орнықты даму мақсаттарына, сондай-ақ Қордың 2024-2033 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес келеді. Жобаларды бағалау үдерісінде Қор ESG-тәуекелдерін талдау әдістемесін қолданады.

— Өнеркәсіпті дамыту қорының корпоративтік саясатының базалық басымдықтарының бірі — экологиялық таза өндірістер мен ресурсты үнемдеуші жобаларды қаржылай қолдау болып табылады. Бүгінгі таңда Қордың портфелі экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен нығайтуға айтарлықтай үлес қосуға арналған бірқатар жүзеге асырылған жобаларды қамтиды. Әлбетте, ESG-рейтингісінің расталуы мен жалпы ұпайдың артуы Өнеркәсіпті дамыту қорына халықаралық Sustainable Fitch агенттігі тарапынан берілуі – жасыл технологияларды дамыту саласында біз үшін аса маңызды және Қордың ESG-повесткасын кешенді жүзеге асыруға қосымша ынталандыру болып табылады, — деп атап өтті «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева.