Түркістан облысында, «Ордабасы» индустриалық аймағында, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен автоклавты газоблок шығаратын жаңа зауыт өз жұмысын бастады. Инвестициялық жоба аясында Қор өндірістік кешеннің құрылысы мен қажетті жабдықтарды сатып алуды қаржыландырды.
«RZN» ЖШС-нің өндірістік қуаты жылына 60 мың текше метр дайын өнімді құрайды. Кәсіпорын ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етіп қана қоймай, алдағы уақытта өнімін көршілес елдерге экспорттауды жоспарлап отыр.
Белгілі болғандай, газобетон блоктары тұрғын үй, әкімшілік және өнеркәсіптік ғимараттардың құрылысына кеңінен қолданылады, олар ішкі және сыртқы қабырғаларды салудың негізгі материалы болып табылады.
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен іске қосылған жаңа зауыт 55 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп, мемлекеттік бюджетке салық түсімдерін арттыруға өз үлесін қоспақ.