Түркістан облысының дәрігерлері «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен 40 жедел медициналық жәрдем көлігін алды
Бірыңғай байланыс орталығы 90-77

Түркістан облысының дәрігерлері «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен 40 жедел медициналық жәрдем көлігін алды

chat-bgov

Кеңес ал!

Түркістан облысының дәрігерлері «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен 40 жедел медициналық жәрдем көлігін алды

09.09.2025

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына қазақстандық өндірістегі Hyundai Staria маркалы 40 санитарлық автокөлік табысталды. Заманауи жедел жәрдем көліктерін тапсыру рәсімі Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің қатысуымен өтті.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Қордың қолдауымен аталған медициналық мекемеге осындай арнайы техниканың тағы 20 бірлігі жеткізіледі.


Түркістан жедел медициналық жәрдем станциясы — өңірдегі госпитальға дейінгі кезеңде шұғыл көмек көрсететін негізгі мекеме болып табылады. Арнайы автокөлікпен жарақталу — адам өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқаратын, әр минуты маңызды жағдайларда аса маңызды факторлардың бірі. Заманауи жедел жәрдем көліктері медициналық қызметкерлердің жылдам әрекет етуіне және науқастарға уақтылы жетуіне мүмкіндік береді.

Санитарлық автопарктің мұндай ауқымды жаңартылуы медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, пациенттерді тасымалдау кезінде қауіпсіздік пен жайлылық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.


Жедел жәрдем көліктері медициналық бригадалар үшін де ыңғайлы. Жоғары технологиямен жабдықталған санитарлық автокөліктер қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауының нәтижесінде еліміздің барлық өңірлеріндегі медициналық мекемелер 1831 жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етілді.