"Қуан Сәби" республикалық акциясы аясында өнеркәсіпті дамыту қорының ұжымы 2020 жылдың желтоқсан айында қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қайырымдылық көмек көрсету туралы бастама көтерді.
Осы мақсатта Қор қызметкерлері балаларға қолдау көрсету үшін өздерінің бір күндік жалақысы мөлшерінде қаражат жинап, аударуды ұйғарды. Барлық жиналған қаражат "ДАР"қорының әлеуметтік шотына бағытталды.
Бұл демеушілік қайырымдылық көмекті мұқтаж балалар алады: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ емделуге мұқтаж балалар.
Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдауға шешім қабылдап, ұйымшылдық пен бірлік танытқан өнеркәсіпті дамыту Қорының қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз. Өйткені, отандастарға қайырымдылық көмек көрсету мейірімділік пен адамгершіліктің көрсеткіші ғана емес. Бұл-әлеуметтік жауапкершілік пен шынайы патриотизмнің үлгісі.