Қызылорда қоғамдық көлігінің жұмысы ерекше бақылауда
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Қызылорда қоғамдық көлігінің жұмысы ерекше бақылауда

Қызылорда қоғамдық көлігінің жұмысы ерекше бақылауда

01.12.2022

Қызылордада қала тұрғындарының қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қала әкімдігінде 33 бағытта жолаушылар тасымалымен айналысатын шағын, орта және үлкен сыйымдылығы бар 557 қоғамдық көлік тұрақты бақылауда тұр.

Бүгінгі таңда облыс әкімінің тікелей қолдауымен "Қызылорда" Автобус Паркі" ЖШС "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы 150 автобус сатып алуға қаражат бөлінді.

Нәтижесінде, ұлттық мереке-Республика күні қарсаңында-қалаішілік бағыттарға 40 жаңа автобус жіберілді, ал 17 қарашада 42 дана автобустардың екінші ағыны келіп, қалалық тыныс алуға серпін берді.

Соңғы үлгідегі заманауи автобустар халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес Жолаушылар тасымалы қызметінің техникалық, сапалық деңгейін іске асыру мақсатында жан-жақты тексеруден өтті және жергілікті жердің климаттық жағдайларына бейімделе отырып, арнайы сұрау салу бойынша дайындалды.

Дереккөз: Tengrinews.kz