Қызылорда облысыны білім басқармасына жаңа мектеп автобустары берілді
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Қызылорда облысыны білім басқармасына жаңа мектеп автобустары берілді

Қызылорда облысыны білім басқармасына жаңа мектеп автобустары берілді

29.04.2023

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қолдауымен балаларды білім беру мекемелеріне тасымалдау мақсатында Қызылорда облысының білім басқармасына 9 мектеп автобусы берілді.

Ел өңірлеріндегі мектеп автобустары паркін жаңарту жөніндегі жобаны іске асыру балаларды тасымалдауды ұйымдастыру үшін мектептерді автобустармен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы аясында жүзеге асырылды.

Өңірлер қимасында ағымдағы жылы мектеп автобустары берілді:

●   Ақмола облысы – 3 автобус;

●   Батыс Қазақстан облысы – 24 автобус;

●     Қостанай облысы – 28 автобус;

●     Қызылорда облысы – 9 автобус;

●     Түркістан облысы – 59 автобус;

●     Қарағанды облысы – 8 автобус;

●     Ақтөбе облысы – 9 автобус;

●     Солтүстік Қазақстан облысы – 10 автобус.

Ұсынылған мектеп автобустары мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған механикалық пандустармен, төрт нүктелі қауіпсіздік белдіктерімен, жылдамдықты шектейтін арнайы құрылғылармен жабдықталған және оқушыларды қауіпсіз және жайлы тасымалдауға қойылатын барлық талаптарға сай келеді.

Сондай-ақ, жаңа автобустар халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкес келетінін және Қазақстанның климаттық жағдайларын ескере отырып жасалғанын атап өткен жөн. Мысалы, солтүстік өңірлерге арналған көлік салондарында қосымша пештер, салон ауа сорғыштары және т.б. орнатылған.

Ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлері бойынша 200-ден астам мектеп автобусы беріледі, бұл 200-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.