Қызылорда облысының емдеу мекемелеріне 50 санитарлық автокөлік берілді
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Қызылорда облысының емдеу мекемелеріне 50 санитарлық автокөлік берілді

Қызылорда облысының емдеу мекемелеріне 50 санитарлық автокөлік берілді

14.06.2024

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қолдауымен Қызылорда облысының емдеу мекемелеріне 50 санитарлық автокөлік табысталды.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында медициналық қызметтердің халыққа қолжетімділігін арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. 2020-2022 жылдар аралығында облыстың барлық елді мекендерінің денсаулық сақтау ұйымдарына Қордың қолдауымен 63 жаңа санитарлық автокөлік берілді, биыл тағы 150 санитарлық автокөлік жеткізу жоспарланып отыр.


Жаңа жедел жәрдем автомобильдері шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті барлық жабдықтармен жарақталған, олардың жиынтығына өкпені жасанды желдету аппараттары, дефибрилляторлар, кардиомониторлар және басқа да маңызды құрылғылар кіреді.

Сонымен қатар, автомобильдер санитарлық автокөлік сыныбы бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, бұл өңір тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға, сондай-ақ пациенттерді шұғыл тасымалдау кезінде уақтылы емдеу және реанимациялық іс-шаралар көрсетуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жаңа медициналық автомобильдер Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы шеңберінде сатылып алынды.

Өнеркәсіпті дамыту қоры өзінің жаңа ұзақ мерзімді даму стратегиясына сәйкес негізгі ESG-факторларды ұстана отырып, халықтың өмірі мен денсаулығының сапасын жақсартуға, сондай-ақ денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және жаңғыртуға бағытталған бастамаларға белсенді түрде қолдау көрсетеді.