Жеңілдетілген автокредит беру бағдарламасына арналған қаражаттың нысаналы мақсатын өзгертуіне қатысты
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

Жеңілдетілген автокредит беру бағдарламасына арналған қаражаттың нысаналы мақсатын өзгертуіне қатысты

Жеңілдетілген автокредит беру бағдарламасына арналған қаражаттың нысаналы мақсатын өзгертуіне қатысты

20.06.2023

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жеке тұлғаларды жеңілдетілген автокредит беру бағдарламасына арналған қаражаттың нысаналы мақсаты бойынша жоспарланған өзгеріс туралы хабарлайды, соған сәйкес жаңартылмалы қаражат отандық автобустарды лизингтік қаржыландыруға қайта бөлінеді.

Қор автокөлікті жеңілдікпен сатып алу үшін жеке тұлғаларға кредит беруге жаңартылмалы қаражатты бөлудің тиімділігіне талдау жүргізді. Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап 13 335 қазақстандық өздерінің қалаған автокөліктерін алды.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда автобустар автокөліктің ең сұранысқа ие түрі болып табылады, оларға қазақстандықтардың барлық сапарларының 67% - ы тиесілі. Статистикаға сәйкес, елдегі автобус паркінің 45% - ы 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Астана, Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда қалаларында қоғамдық көліктердің тозуы 25 %, Түркістан, Қарағанды, Тараз, Павлодар, Көкшетау – 50%, Ақтау, Өскемен-60%, Талдықорған, Петропавл, Орал - 70%, Қостанай – 90% құрайды.

Қор ұсынатын қаржыландыру механизімдері шеңберінде автобустарды жаңарту бойынша қолданыстағы лизингтік қаржыландыру бағдарламасы белсенді түрде іске асырылуда екенін атап өтеміз. Соңғы 5 жылда Қор осы бағдарлама бойынша еліміздің барлық өңірлерінде 3818 жолаушылар автобусын сатып алуды қаржыландырды, оның ішінде электр - 130, газ - 1520, дизель - 2168, 9 000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды.


Жаңартылған құралдарды қоса алғанда, отандық автобустарды сатып алуды қаржыландыру көлемінің ұлғаюы жыл сайын 700-ден астам қоғамдық көлікті жаңартуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, Қор "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен ҚР ИИДМ осы қаражатты жолаушылар автобустарын лизингтік қаржыландыруға қайта бағыттауды ұсынды. Егер жеңілдетілген автокредит беру бағдарламасы бойынша ай сайын 120 адамды машинамен қамтамасыз етуге болатын болса, қаражатты қайта бөлген жағдайда бір айда 15 мыңға жуық жолаушы тасымалдайтын 20 автобус сатып алуға болады.

Жаңа автобустар бейнебақылау камераларымен, бейнежазба жүйесімен, кондиционерлермен, маршрут көрсеткіштерімен, мүгедектерге арналған механикалық пандустармен жабдықталған және жолаушыларды қауіпсіз және жайлы тасымалдаудың барлық талаптарына лайық жасалған. Сонымен қатар, сатып алынатын электр автобустары мен сығымдалған газбен жүретін автобустар атмосфераға зиянды заттардың шығарылмауы есебінен қалалардағы экологиялық жағдайға тиімді.


Қолданыстағы автобустарды лизингтік қаржыландыру бағдарламасының шарттары:
1) лизингтік қаржыландыру мерзімі – 7 жылға дейін;
2) лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг нысанасы құнының кемінде 15% - ы;
3) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7%.