Кеңес ал!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 846 қаулысымен бекітілген, 2023 жылғы 28 наурызда ҚР Үкіметінің №259 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 2023 – 2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамыту тұжырымдамасына сәйкес, қаржыландыру мынадай шарттармен жүзеге асырылады:
1. 1. Өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамы арқылы өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне, жобаларды лизингтік қаржыландыру, оның ішінде халықаралық өндірістік кооперация саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасына енгізілген жобалар, жаңа өндірістер құру және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту жобалары беріледі.
Өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру көлемін ұлғайту қажеттілігі туындаған жағдайда бюджет қаражатының үлесі кемінде 70% құрайтын пропорцияда бюджет қаражатын тартылған қаражатпен араластыру кезінде басқа қаражатты тарту мөлшерлемесіне байланысты түпкілікті қарыз алушы үшін 12,6%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қаржыландыруға жол беріледі.
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі жобаны іске асыруға ақшалай қаражатпен қаржыландырудың жалпы сомасының кемінде 20% мөлшерінде қатысуды қамтамасыз етеді (өндірісті жергіліктендіруді арттыруға бағытталған жобалар бойынша жобаны іске асыруға ақшалай қаражатпен 20%-дан аз мөлшерде қатысуға жол беріледі). Қаржыландыру сомасы машина жасауды қоспағанда, өңдеу өнеркәсібі жобалары және инфрақұрылымдық жобалар үшін кемінде 7 млрд теңге болуы тиіс. Қаржыландыру 15 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Қаржыландыру алу үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамына құжаттар пакетін ұсынады, олардың тізбесі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының ішкі құжаттарымен бекітіледі. Қаржыландыру ұсыну тәртібі мен мерзімдері «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының ішкі актілерімен айқындалады.
2. 2. Лизингтік қаржыландыру шеңберінде қолдау мынадай бағыттар бойынша ұсынылады:
Автомобильдер мен арнайы техниканы жаңарту/жаңғырту; ауыл шаруашылығы техникасы мен автобустар паркін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының лизингтік қаржыландыру тетігі арқылы жаңарту. Лизингтік қаржыландыру автомобильдер мен арнайы техникаға теңгемен 7 жылдан аспайтын мерзімге беріледі, өтініш берушілер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылына 7% құрауы тиіс, бұл ретте «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының бюджет қаражаты мен өзге де қаржыландыру қаражатының арақатынасы 80/20 құрауы тиіс. Аванстық төлем жергілікті бюджет қаражаты немесе лизинг алушының меншікті қаражаты есебінен кемінде 15% құрайды (республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен лизингтік төлемдерді өтеу жағдайында аванстық төлемсіз қаржыландыруға жол беріледі). Бұл ретте дәнекерлеу және бояу операцияларын қамтитын әдіспен өндірілген автобус үлгілеріне аванстық төлем кемінде 5% құрайды;
Жүк тасымалына қатысатын автокөлік құралдары паркін жаңарту. Жүк тасымалына қатысатын автокөлік құралдарын лизингтік қаржыландыру «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамы арқылы теңгемен 7 жылдан аспайтын мерзімге беріледі, өтініш берушілер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылына 7% құрауы тиіс, бұл ретте «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының бюджет қаражаты мен өзге де қаржыландыру қаражатының арақатынасы 80/20 құрауы тиіс. Аванстық төлем жергілікті бюджет қаражаты немесе лизинг алушының меншікті қаражаты есебінен кемінде 30% құрайды (республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен лизингтік төлемдерді өтеу жағдайында аванстық төлемсіз қаржыландыруға жол беріледі);
Ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, лизингке автокөлік құралдарын, арнайы мақсаттағы автотехниканы сатып алатын өтініш берушілерді (бұдан әрі – автокөлік құралдары) лизингтік қаржыландыру «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамы арқылы теңгемен 3-тен 5 жылға дейінгі мерзімге өтініш берушілер үшін жылына 3% сыйақы мөлшерлемесімен беріледі. Аванстық төлем кемінде 30% құрауы тиіс (жарғылық капиталда мемлекеттің жүзге жүз қатысуымен жолдарды басқару жөніндегі Ұлттық операторының қаражаты есебінен лизингтік төлемдерді өтеу жағдайында, ҚР «Автомобиль жолдары туралы» Заңымен белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, аванстық төлемсіз қаржыландыруға жол беріледі). Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі негізінде лизингтік қаржыландыруға жол беріледі. Лизингтік қаржыландыру көздері республикалық бюджет қаражаты болады;
Лизингтік қаржыландыруды өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері, мемлекеттік мекемелер, жергілікті, орталық және мемлекеттік атқарушы органдар, мекемелер, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындары, жарғылық капиталда мемлекеттің жүзге жүз қатысуымен, Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңымен белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық оператор пайдалана алады.
Отандық өндірістің медициналық техника паркін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамы арқылы теңгемен 7 жылдан аспайтын мерзімге өтініш берушілер үшін жылына 3% сыйақы мөлшерлемесімен жаңарту. Бюджет қаражаты жарғылық капиталды ұлғайту және/немесе «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамын бюджеттік несиелендіру жолымен бөлінеді. Аванстық төлем кемінде 30% құрайды. Республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен лизингтік төлемдерді өтеу жағдайында аванстық төлемсіз қаржыландыруға жол беріледі. Медициналық техниканы лизингтік қаржыландыруды денсаулық сақтау субъектілері: жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар және мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындар, Қазақстан Республикасының коммуналдық қазыналық кәсіпорындары, сондай-ақ жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдар пайдалана алады.




