Жеңілдетілген лизингке арналған сенім телефоны +7 (7172) 790 543
+7 (7172) 796 306 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жедел желі телефоны
Комбайндар мен тракторлардың лизингі

2018 жылдан бастап «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Ауыл шаруашылығы машинасын жасаудың отандық өндірушілерін қолдау шеңберінде машина-трактор паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасының операторы болып табылады. (бұдан әрі-Бағдарлама)

Бағдарламаның мақсаты отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді дамытуды қолдау және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ тарапынан лизингтік қаржыландыруды ұсыну жолымен Қазақстан Республикасының өте тозған машина-трактор паркін жаңарту болып табылады.

Лизинг нысанасы - әлеуетті лизинг алушының лизинг нысанасын сатып алу туралы өтініш жасаған күні жаңа, бұрын пайдаланылмаған және 2 жылдан аспайтын отандық өндірістегі комбайн немесе трактор.

Бағдарламаға қатысушылар:
1) «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ;
2) лизинг алушы-өз қызметін ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асыратын және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен қаржы лизингі шарттарында лизинг заттарын сатып алу мақсатында қаржы лизингі шартын жасасқан заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары;
3) лизинг нысанасын сатушы – тракторлар мен комбайндардың отандық өндірушілері болып табылады. 

Бағдарламаны іске асыру мынадай тәсілдермен жүргізіледі:
1) әлеуетті лизинг алушылардың отандық өндірушіге лизингтік қаржыландыруды тарту туралы өтініммен жүгіну жолымен;
2) «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның әлеуетті өнім беруші ретінде қаржы лизингі қызметтерін сатып алуға қатысуы арқылы. 

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде лизингтік қаржыландыру шарттары

Әлеуетті лизинг алушы үшін ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну шарттары:
1) лизингтік қаржыландыру мерзімі - 7 жылға дейін;
2) сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен 7%, коммерциялық қаражат есебінен 15%;
3) қаржыландыру валютасы - теңге;
4) лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг нысанасы құнының кемінде 15% - ы
5) комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның ішкі актілеріне сәйкес;
6) лизинг нысанасын КАСКО бағдарламасы бойынша лизинг алушының қаражаты есебінен сақтандыру.

Жеткізушілер:
ЧК «KAZROST ENGINEERING LTD.»
СЕМАЗ
АГРОМАШХОЛДИНГ KZ
"ВЕКТОР" КОМБАЙН ЗАУЫТЫ
ТОО «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГРО ИННОВАЦИЯЛЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫ»
ТОО «ҚОСТАНАЙ ТРАКТОР ЗАУЫТЫ»
Лизингті есептеңіз
  • Баға:
  • 20 000 000 000 тг дейін
тг
  • Сыйақы мөлшерлемесі:
  • 20%
%
  • Аванстық төлем сомасы:
  • 50%
%
  • Шарт мерзімі:
ай
99 083 Ай сайынғы төлем
ЛИЗИНГТІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
Техниканы таңдау
Құжаттарды жинау және ұсыну
Лизинг шартын жасасу
Техникаға аванс енгізу
Техника алыңыз
Сіздің кредиттік өтініміңізді жобаның қамтамасыз етілуі, тиімділігі және өзін-өзі ақтауы, төлем қабілеттілігі және контрагенттердің құқықтық мәртебесінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қараудың екінші кезеңі. Екінші кезең сараптама жүргізу тарифтеріне сәйкес жүзеге асырылады. Лизинг Алушының Өтінімі Әлеуетті лизинг алушының сауалнамасы Келісімдер ЖШС үшін құжаттар тізімі ШҚ және ФҚ үшін құжаттар тізімі ЖК үшін құжаттар тізімі АҚ үшін құжаттар тізімі Бизнес-жоспарды әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар
Министерство индустрии и инфраструктурного развития РК
Бәйтерек
Банк развития Казахстана