Жедел және шұғыл қызметтер
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77
ЖЕДЕЛ, ШҰҒЫЛ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ЛИЗИНГІ

Мақсаты: «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ тарапынан лизингтік қаржыландыруды ұсыну жолымен ИИДМБ бағдарламасына сәйкес тозған өрт сөндірушілерді (өрт техникасы), санитарлық (жедел медициналық көмек) парктерді, шұғыл қызмет машиналарын (патрульдік және өзге де автокөлік құралдары) жаңарту.

Міндеттері: жедел, шұғыл және арнайы қызметтердің материалдық-техникалық базасын нығайту.

Лизинг нысанасы - әлеуетті лизинг алушы лизинг нысанасын сатып алу туралы өтініш жасаған күнгі жаңа (бұрын пайдалануда болмаған) және 2 жылдан аспайтын отандық өндірістің жедел, шұғыл және арнайы қызметтерінің мұқтаждарына арналған көлік құралы.

Бағдарлама қатысушылары:
1) «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ;
2) лизинг алушы - «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен қаржы лизингі шарттарында лизинг нысаналарын сатып алу мақсатында қаржы лизингі шартын жасасқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері, жергілікті, орталық және мемлекеттік атқарушы органдары, мекемелері, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары және мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындары;

Іс-шараларды іске асыру шеңберінде лизингтік қаржыландыру шарттары

Әлеуетті лизинг алушы үшін ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну шарттары:
1) лизингтік қаржыландыру мерзімі - 7 жылдан аспайды;
2) қаржыландыру валютасы - теңге;
3) лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – кемінде 15% (лизингтік төлемдер республикалық немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен өтелген жағдайда аванстық төлемсіз қаржыландыруға жол беріледі);
4) комиссиялар, тарифтер және қосымша шығыстар алынбайды;
5) КАСКО бағдарламасы бойынша лизинг нысанасын сақтандыру лизинг нысаналарын пайдалану ерекшелігі ескеріле отырып, лизинг алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
6) лизинг төлемдерін республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер есебінен өтеген жағдайда лизинг алушының төлем қабілеттілігін растау - талап етілмейді;
7) қоғам, лизинг алушы және орталық және/немесе жергілікті атқарушы орган арасындағы жобаны қолдау туралы келісімге қол қою;

 

Лизингті есептеңіз
  • Баға:
  • 20 000 000 000 тг дейін
тг
  • Сыйақы мөлшерлемесі:
  • 20%
%
  • Аванстық төлем сомасы:
  • 50%
%
  • Шарт мерзімі:
ай
99 083 Ай сайынғы төлем
ЛИЗИНГТІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
Жабдықты таңдаңыз
Құжаттарды жинау және ұсыну
Лизинг шартын жасасу
Жабдық үшін аванс енгізу
Жабдықты алыңыз
Бұл сіздің лизингтік өтініміңізді қараудың бірінші кезеңі, оның мақсаты инвестициялық жобаны қаржыландырудың индикативті шарттарын анықтау болып табылады. Бірінші кезең тегін негізде жүзеге асырылады.

A-010. Құжаттар тізімі A-020. Лизинг Алушының Өтінімі A-030. Кредиттік тарих субъектісінің келісімі Қосымша 1. Жедел бағалау сауалнамасы ҚЕ таратып жазу нысандары ТЭН-ге қойылатын талаптар
Сіздің кредиттік өтініміңізді жобаның қамтамасыз етілуі, тиімділігі және өзін-өзі ақтауы, төлем қабілеттілігі және контрагенттердің құқықтық мәртебесінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қараудың екінші кезеңі. Екінші кезең сараптама жүргізу тарифтеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Нысан құжаттарының тізбесі Жеткізушінің Сауалнамасы Өтінім Нысаны Сауалнама Нысаны БНБ келісімі Требования к ТЭО