Отандық ауыл шаруашылығы техникаларын өндірушілерді қолдау аясында машина-трактор паркін жаңарту үшін лизингтік қаржыландыру бағдарламасы
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Отандық ауыл шаруашылығы техникаларын өндірушілерді қолдау аясында машина-трактор паркін жаңарту үшін лизингтік қаржыландыру бағдарламасы

Отандық ауыл шаруашылығы техникаларын өндірушілерді қолдау аясында машина-трактор паркін жаңарту үшін лизингтік қаржыландыру бағдарламасы

10.10.2024

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың отандық өндірушілерін қолдау шеңберінде машина-трактор паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасы.

2018 жылдан бастап "ӨДҚ" АҚ Ауыл шаруашылығы машинасын жасаудың отандық өндірушілерін қолдау шеңберінде машина-трактор паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасының операторы болып табылады. Бағдарламаның мақсаты отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді дамытуды қолдау және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "ӨДҚ" АҚ тарапынан лизингтік қаржыландыруды ұсыну жолымен Қазақстан Республикасының өте тозған машина-трактор паркін жаңарту болып табылады.

Қаржыландыру валютасы теңге
Негізгі борыш пен сыйақыны төлеу бойынша жеңілдікті кезең лизинг берушінің уәкілетті органының шешімімен белгіленеді
Сыйақы сомасын өтеу кезеңділігі тоқсанына кемінде 1 (бір) рет (лизинг берушінің уәкілетті органының шешімі бойынша)
Негізгі борыш сомасын өтеу кезеңділігі жылына кемінде 1 (бір) рет (лизинг берушінің уәкілетті органының шешімі бойынша), бұл ретте негізгі борышты алғашқы өтеу лизинг нысанасы қаржы лизингі шарты бойынша уақытша иеленуге және пайдалануға берілгеннен кейін жүзеге асырылады
Комиссия Лизинг алушының лизинг шарттарын бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, өндіріп алынбайды
КАСКО бағдарламасы бойынша лизинг затын сақтандыру Лизинг алушының қаражаты есебінен
Лизинг заттарын сублизингке беру тыйым салынады
Лизинг нысанасын дайындаудың және жеткізудің ең ұзақ мерзімі Сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 9 ай. Екіжақты сатып алу-сату шарты кезінде жеткізу мерзімі оның талаптарына және лизинг алушымен жасалатын сатып алу-сату шартына қосымша келісімге сәйкес келісіледі
Қосымша шығыстар (сервистік және агенттік қызмет көрсету) сервистік және агенттік қызмет көрсету бойынша қосымша шығыстардың мөлшерін өндіруші лизинг алушымен агенттік және сервистік қызмет көрсетуге шарттар жасасу арқылы дербес айқындайды. Бұл ретте, өндіруші Лизинг алушыдан жыл сайын алатын агенттік қызмет көрсету мөлшері лизинг алушы лизинг берушіге лизинг нысанасы құнының өтемеген қалдығының 1% - ынан (бір пайызынан) аспауға тиіс