
Кеңес ал!
ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2017 жылдан бері өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың нәтижесінде лизингтік және кредиттік портфельдің 9 еседен астам өсуі байқалады. Өңдеу өнеркәсібі жобаларының үлесі 22%-дан 41%-ға дейін артты. Осылайша инфрақұрылым жобаларының портфельдегі үлесі 69%-дан 46%-ға дейін төмендеді.
2024 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша, ӨДҚ негізгі қызметінен түскен кіріс 2017 жылмен салыстырғанда 6 есеге артып, 68 027 млн теңгені құрады.
Сондай-ақ, 2024 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша таза пайда 31 346 млн теңгені құрады.
Бұл 2024 жылдың 8 айындағы аудиттелмеген жедел деректерге сәйкес.