«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржыландырған «Масло-Дел» ЖШС-ның жаңа технологиялық желісі тәулік сайын 200 тоннаға жуық сүт өндіретін болады.
«Масло-Дел» ЖШС-ның Петропавл қаласындағы филиалы зауыттың қуаттылығын арттыру үшін сүтті өндіру және пакетке орау бойынша толық автоматтандырылған желіні, оған қоса қаймақ, ашымал сүт өнімдерін өндіруге, сүтті әлемге әйгілі TetraPak компаниясының A3/Flex TBA 2000 түріндегі асептикалық қаптамасына құюға арналған жабдықтар жиынын іске қосты.
Жабдық тәулігіне 200-250 тонна сүт өндіре алады.
Технологиялық желі бір жабдық арқылы сүт, сондай-ақ ашымал сүт өнімдерін өндіруге, сонымен қатар басқа да өнімдердің – йогурт, қаймақ өнімдерінің кең ассортиментін өндіруге мүмкіндік береді.
Аталған жобаны іске асыру «Масло-Дел» ЖШС-ның сүт нарығындағы үлесін арттырып қана қоймай, айран мен қаймақты өткізу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Компания өнімді Ресей Федерациясының, Қытайдың, Эстонияның, Өзбекстанның, Қырғыз Республикасының және Тәжікстанның нарықтарына экспорттайды.
Жабдықты жеткізушілер – Швейцарияның, Германияның және Ресейдің жетекші компаниялары.
«ӨДҚ» АҚ сүт өнімдерін өндіру бойынша жобаны қаржыландырды
- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Жаңалықтар
«ӨДҚ» АҚ сүт өнімдерін өндіру бойынша жобаны қаржыландырды
02.11.2021